Бүгін мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымнан қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: РБК
Заң 2022 жылы бірінші оқылымда мақұлданған еді.
Заң жобасының негізгі ережелері қандай екенін депутат Магеррам Магеррамов түсіндіріп берді:
- халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің елімізге келуін және ел азаматтығын алуын шектеу;
- экстремистік немесе террористік қызметке тартылған шетелдіктердің елге келуіне тыйым салу;
- төтенше жағдайларда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесін шешу.
“Жоғарыда аталған жаңашылдықтарды енгізу заңнамадағы бар олқылықты жоюға, көші-қонды бақылауды тиімдірек қамтамасыз етуге, халықты құжаттандыру рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Жұмыс тобының отырыстарында заң жобасын қарағанда мәжіліс депутаттары бірқатар түзету енгізді”, — деп атап өтті депутат.
Бұған дейін әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған еді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.