Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Елизавета Матвеева Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Иран астанасы Тегеран қаласында жабық кешенде жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Елизавета Матвеева топ жарды. Отандасымыз биіктікке секіру сайысында қарсыластарынан бір бас жоғары болып, 1.86 метр көрсеткішпен жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Давид Ефремов 60 метрге кедіргілермен жүгіру сайысы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.