Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды. Алайда, іс барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс барысында денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевті жедел жәрдем қызметкерлері сот залынан алып кетуге мәжбүр болды. Экс-полиция басқармасының бастығы есінен танып, оны бірнеше адам көтеріп көлікке жеткізді. Қазіргі таңда, әлеуметтік желіде Күштібаевті алып кеткен видео тарады.
Бұл ақпаратты Stan.kz тілшісіне Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.
"Сотталушы К.-ны сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды" — деп мәлімдеді областық соттың баспасөз қызметі.
- Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? Сот процесі туралы сұрақтарға жауап береміз
- Желіде тараған полицияның қатысы бар видеодан кейін қызметтік тергеу жүргізілетін болды
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.
Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.