Мәжіліс төрағасы бұрынғы үкіметке мемлекет басшысы баға беріп қойғанын және Смайылов басқарған кезде кей мәселелер жылдар бойы шешімін таппағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
“Жаңа ереже бойынша басқарушы партия үкіметтің барлық әрекетіне жауапкершілік алатынын білеміз. Смайылов үкіметі атқарған жұмыстардың және Бектенов үкіметі атқаратын жұмыстардың жауапкершілігін арқалауға дайынсыз ба?” деген сұрақ қойылды мәжіліс төрағасына.
Ерлан Жақанұлы бұрынғы үкіметке мемлекет басшысы баға беріп қойғанын айтты.
“Ол үкіметтің жұмысы мүлдем сәтсіз болды дей алмаймын. Экономика 5%-тен астам өсті, инфляция төмендетілді, елге өте жақсы көлемде инвестиция тартылды. Десе де жылдар бойы жиналған бірқатар мәселе де болды. Олардың қатарында жылу энергетикасы, инфрақұрылым мәселелері, тұрғындардың несиеге батқаны бар. Біз бұл проблемалардың саяси жауапкершілігі ортақ екенін түсінеміз”, – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол жаңа үкіметке сенім білдіретінін, жаңа премьер-министрдің үміткерлігін ұсынғанын өздері ұсынғанын тілге тиек етті.
“Президент жаңа импульс қажет екенін айтып үкіметті ауыстырды. Біз Бектеновтің кандидатурасын ұсындық. Себебі өте үлкен, жаңа міндеттер тұр. 2029 жылдан бастап жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру керек, ол үшін экономиканың 6% өскенін қамтамасыз етуіміз керек. Көлеңкелі экономика, капиталды қайтару мәселелерін шешу керек. Жаңа адамдар керек болды, сол себепті біз қазіргі премьер-министр Бектенов бұл қызметке лайық деп шештік”, – деді ол.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.