Бірқатар қазақстандық министрлік 20 млрд теңгені игере алмаған. Бүгін үкімет отырысында Қаржы министрлігінің басшысы Мәди Такиев премьер-министрге осылай деп баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Үкімет отырысынан скриншот
Үкімет отырысы кезінде қаржы министрлігінің жаңа басшысы биыл қаңтар айында мемлекеттік бюджет шығыны 96,9%, республикалық – 97,8%, жергілікті бюджет – 94,5% атқарылғанын хабарлады.
“Республикалық бюджет бойынша 1,5 триллион теңге шығын шықты. 33 миллиард теңге тиісті жеріне жетпеді, оның 13 миллиарды үнемделген болса, 20 миллиард теңге игерілген жоқ. Әсіресе мәдениет және ақпарат, экология және табиғат ресурстары, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде иегрілмеген ақша көбірек”, – деді ведомство басшысы.
Такиев игерілмеудің басты себебі мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулардың өтпеуі, байқау барысы, келісімшарт жасаудың ұзаққа созылуы екенін айтты.
Ай басында Мәди Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын айта кетейік.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.