UFC тұжырымының экс-спортшысы Дамир Исмағұлов (24-3) 70 келідегі Ресейдің ең үздік жауынгері саналатын Эдуард Вартанянға (25-3) қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Наше Дело
UFC тұжырымының рейтингінде ең үздік 15 спортшының қатарына кірген Дамир Исмағұлов “Наше Дело” тұжырымында Эдуард Вартанянға қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жете алмады. К1 ережесі бойынша жұдырықтасқан отандасымыз жеңіске лайық өнер көрсеткенімен, төрешілер жеңісті оған бермеді. 3 раунд қорытындысы бойынша Эдуард Вартанянды жеңімпаз деп таныды. Дегенмен Санкт-Петербург қаласындағы “Арена” алаңына жиналған жанкүйерлер бұл шешімге наразылық танытты.
Айта кетейік, Эдуард Вартанян АСА тұжырымының гран-при турнирінде отандасымыз Артем Резниковті жеңіп, чемпиондық белбеудің иегері атанған еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.