Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндер еліміздің басым бөлігінде ауа райы суық болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Қазгидрометтің мәліметінше ел аймақтарында суық және қарсыз арктикалық антициклон болады. Сонымен қатар аязды ауа райы сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауады.
Таулы аймақтарда-қатты қар, тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанды.
Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температура түнде -30 -38 градус, күндіз -20 -28 градус аяз болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде -15 -25 градусқа дейін, таулы аймақта -30 -35 градус аяз болады. Ал күндіз -10 -25 градус болады.
-
Алматыда қатты көктайғақ болады деп болжанды
-
Абай облысында боранда қалған Моңғолияның 13 азаматы құтқарылды
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.