Студенттер жатақханасының маңында жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан ер адамдардың жұдырықтасып қана қоймай, төбелес кезінде бейсбол битасына ұқсас зат қолданғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Петропавл қаласы полиция басқармасы жастар арасындағы төбелеске қатысты пікірі білдірді.

“30 наурызда сағат 20:30 шамасында Петропавл қалалық полиция департаментіне жатақхана маңында екі топқа бөлінген жастардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы дереу 17-21 жас аралығындағы жастарды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Қазір полиция істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін Қарағанды облысында белгісіз біреу тал түсте атыс бастаған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.