Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты брифингте сейсмология институтының директоры қалада түнде болған жер сілкінісінің қаупін бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay сайтынан
Брифингте сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев көршілес елдерде болып жатқан жер асты дүмпулерінің ықтимал қаупіне болжам жасады.
-
Алматыда алдағы уақытта жер сілкінісі болмайды деген ықтималдық 70% – ТЖД
-
Алматы облысында бүгін таңертең тағы да дүмпулер сезілді
"Аумағы кең. Жер сілкінісінің ошағы жер бетіне әлдеқайда жақын болды, ол шекаралық аумақта кең тарады. Географиялық жақындығы 265 шақырым болғанын ескерсек, бұл сейсмикалық оқиғаны қаламыздың тұрғындары да сезінді. Тіркелген бес балды ескерсек, мұндай жер сілкінісі қаланың инфрақұрылымына ешқандай қауіп төндірмейді", – деді Дәулет Сәрсенбаев.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Арада 49 минуттай уақыт өткенде тұрғындарға жаңа жер асты дүмпуі сезілді. Жер сілкінісі салдарынан сағат 03:00-де 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.