Мемлекеттік порталда ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған ортопедиялық аяқ киім, арба, жаялық және басқа да тауарлар дүкендер мен салыстырғанда 2-3 есе қымбат тұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Баласы эпилепсиямен ауыратын Антонина Мищенко арбаның бағасы қолжетімсіз болғандықтан сыртқа шықпай, үйде отыруға мәжбүр екенін айтты. Әлеуметтік қызметтер порталындағы арбаның бағасы 600 мың теңге. Бірақ, аналардың қалтасы мұндай бағаны көтермейді.
“Қазір жаңа арбаның бағасы 600-570 мың теңгеден басталады. Біз порталға сеніп қалдық. Бірақ ол үшін қосымша ақы төлеу керек. Онда да сол 600 мың теңге шығып тұр. Портал ештеңеге көмектеспейді”, – дейді Антонина Мищенко көз жасына ерік беріп.
Порталда ерекше күтімді қажет ететін адамдар өзіне қажетті тауарды өздері таңдай алатындай жағдай қарастырылған. Министрлік әрбір заттың шекті құнын белгіледі, оны мемлекет өтейді. Мысалы, дүкендерде ортопедиялық аяқ киімдердің бағасы 12 мың болса, әлеуметтік порталда ол 37 мың теңге тұрады. Супермаркетте бір памперс 150 теңге болса, порталда жаялықты 270 теңгеге сатылымға шығарған.
“Басқа қалаларда аналар қосымша төлемақы төлемеу үшін жағдай жасалған. Бірақ Қарағандыда біз үшін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған. Отбасы мүшелерінің бірі бала күтімімен үйде отыруы керек. Ал, көп жағдайда ерекше баланы жалғызбасты ана тәрбиелейді. Олар жұмысқа шыға алмайды. Сонда біз мұндай соманы қайдан аламыз”, – дейді ерекше баланың анасы Виктория Клукач.
Кәсіпкерлер бағаны мемлекет өтейтін шекті деңгейге дәл келтіріп қояды. Аналар бюджет ақшасының қайда кететінін білмей дал. Шенеуніктер ештеңе істей алмайды. Олар “баға қолжетімсіз болса тауарды алмаңыз” деп жауап беретін көрінеді.
“Біздің құқығымыз жоқ. Ұят немесе ұят емес деген бұл басқа мәселе. Бағаны бақылау біздің құзіретімізге кірмейді. Бағаны бақылайтын арнайы органдар бар. Олардың жұмысы сол”, – дейді жауап берді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ермек Нуксуев.
Кәсіпкерлер қауымдастығы жеткізушілердің бұл ісін құптамайтынын жеткізді.
“Интернеттегі сатылымдар жүріп жатқанда, олар, керісінше, арзан болу керек. Тауарларды қымбат бағада сатып жатқаны дұрыс емес. Бұл мәселемен міндетті түрде құқық қорғау және қадағалау органдары айналысуы керек деп ойлаймын. Мен бұл мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жүгінемін. Рас, аналар барлық жеткізушілерге бірдей шағымданып жатқан жоқ. Бұрын олар порталдан сапалы тауар таба алмайтын. Қазір ол сатылымда бар. Аналардың айтуынша, кейбір жеткізушілер тауарларға тиісті баға қоятын көрінеді”, – дейді Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты Ермек Әбілдин.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.