Синоптиктер көктемнің алғашқы күндері ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын болжады. 2-4 наурызда еліміздің басым бөлігінде күн біртіндеп жылымақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pixabay-дан
Қазгидромет мамандарының болжамынша, еліміздің басым бөлігінде суық температуралық фон сақталғанымен, алдағы күндері көктемгі күн шуақты болады.
Тіпті еліміздің шығысында түнде ауа температурасы -36 градустан -20 градусқа дейін жоғарылап ызғардың біртіндеп әлсіреуі болжанады. Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі мен бұлтты ауа-райы басым болмақ.
-
Дүние жүзінде жаһандық жылынуға байланысты ауа нашарлап, денсаулыққа қауіпті болады – метеорологтар
-
"Қазақстандықтар су тапшылығы мен тұрақсыз ауа райына дағдылануы керек": Сарапшылар жаһандық жылынуға байланысты дабыл қақты
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.