Желіде елордадағы мектептердің бірінде тарақандар қаптап жүргені түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Кадрдан алынған скрин
Видео авторының айтуынша, кадр Астанадағы №73 мектеп-лицейде түсірілген. Аталған жағдайға қатысты Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, мектеп ғимаратын соңғы рет дезинфекциялау 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілген.
"№73 мектеп-лицейінде ай сайын жалпы санитарлық дезинфекция жүргізіледі. Желтоқсан айында санитарлық тазарту жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен санитарлық тазалау қызметін ұсынатын мердігер компанияға талап-арыз жолданатын болады. Білім беру мекемесін, оның ішінде жертөлелерді толық дезинфекциялау 2024 жылдың 12 қаңтарына жоспарлануда. Қазіргі уақытта жәндіктер табылған киім ауыстыратын бөлме басқа бөлмеге ауыстырылған", — делінген хабарламада.
Айтуларынша, дезинфекциялау жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақтан кейін, кешкі уақытта жүргізіледі.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.