Танымал продюсер Баян Мақсатқызының туған күніне тосынсый болып келген ресейлік әнші Валерий Меладзе той үстінде қайғылы хабар естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:  https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Желі қолданушылары мен тойға барған қонақтар өнер иесінің көңілсіз жүргенін байқаған.

“Баян Мақсатқызының мерейтойына арналған керемет кеште Валерий Меладзе өнер көрсетті. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бірақ қазір қуанышты емес, қайғылы нәрсе туралы, өлім мен кәсібилік туралы айтқым келеді. Сахнаға шыққанға дейін, бірнеше сағат бұрын Валерий әкесі қайтыс болғанын білді. Бұл – кез келген адам үшін қаралы жағдай, ауыр қайғы. Соған қарамастан, әртіс іштегі қайғысын көрсетпей өнер көрсетті. Бұл мықты кәсібилік пен өнерге деген адалдықты көрсетеді. Ол өз командасын және ең бастысы оның өнерін күткен жанкүйерлерінің көңілін қалдырмады. Валерий Меладзе, сіз – өз халқыңыздың және әкеңіздің мақтан тұтар ұлысыз! Барша қазақ халқының атынан шын жүректен көңіл айтамын", – деп жазды Жан Мұқанов. 

Сондай-ақ, ресей жұлдызы әншілерді сахнаға шығарып, хормен айтқызды. Алайда желі қолданушылары отандық эстрада өкілдерінің бұл әрекетін сынап жатыр. “Меладзеден ұят болды”, “Шибөрідей шулаған қазақ әншілері”, “Біздің әншілердің даусының деңгейі байқалып қалды” деген пікір көп. Алайда әнші Айқын Төлепберген жағдайды түсіндірді. 

“Сахнаға бізді Меладзе өзі шақырды. Ән айтқанда сәл қысылып, қиын жерлерін көрерменге айтқызды. Сол үшін, біз әншілер ретінде оған қолдау білдіріп, қосылып отырдық. Оның үстіне тек соңғы әніне. Басқа әндерін өзі айтып шықты. Сөйтсе сол күні әкесі қайтқан екен. Енді ғана көңілінің жоқтығын түсініп отырмыз. Бос сөздер мен комменттен аулақ болайық ханымдар мен мырзалар”, – деп жазды өнер иесі. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.