Дәрігерлер Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет iStock-тан
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жер сілкінісі кезінде зардап шеккен үш ересек адам барлық қажетті медициналық көмекті алуда.
"Үш науқас та жедел медициналық жәрдем ауруханасында медициналық көмек алуда. Бір науқастың жағдайы ауыр, екеуі орташа ауырлықта. Барлық пациенттер барлық қажетті ем-шараларды толық көлемде алады", — делінген хабарламада.
-
"7 балл болса, бәрі қирайды": Алматылықтар салынып біткеніне бір жыл ғана болған үйлерінде үлкен жарықтар пайда болғанын айтып шағымданды
-
"Дүрбелеңге салынбай, қорғанатын әрекет жасау қажет": Мамандар жер сілкінген кезде не істеу керегін айтты
Жедел медициналық көмек көрсету орталығында зардап шеккен тағы төрт баланың бар екені де жеткізілді. Олардың жағдайы орташа, тұрақты.
Еске салсақ, бұған дейін алматылықтар жер сілкінісі кезінде бастан кешкендерін айтып берген еді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.