Tik Tok әлеуметтік желісінде 20 жастағы Наргиз Закария есімді жел қолданушысының мамандығы туралы видеосы көп қаралым жинады. Студент қыз ұстаздық пен сәнгерлік сынды “екі кеменің басын ұстаған”. Наргиз екі түрлі саланы қатар алып жүру қайдан ойына келгені жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Наргиз Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 3-курс студенті. Ол бос уақытында ірі көрсетілімдерде модель болып жұмыс істейді.
Қазақстандық студенттің желідегі видеолары миллионннан астам қаралым жинаған. Желі қолданушылары оны екі түрлі саланы қатар алып жүргеніне таңғалып, оның кәсібиліген тәнті болды.
“Балалар, ертең сабақ болмайды. Мен Парижемін”, “Менің арманым, бірақ тағдырым емес”, “Сіз сондай әдемісіз”, “Ағылшын пәнінің мұғалімдерінің бәрі осындай ма?”, – деп пікір қалдырды желідегілер.
Наргиздің айтуынша, оның сәнгерлік салада жүргеніне көп бола қойған жоқ. Десе де аз уақытта біраз жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген.
@kpzvna #fyp #fypシ #рек #переписка #fur #ryp #подиум #runway #model ♬ som original — gis_lleby💋
“Сәнгерлікпен айналысып жүргеніме бір жыл болған жоқ. Қазір ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша 3-курста оқимын. Менің жұмыс уақытым мен үшін қолайлы. Сабақ өткізе алмайтын болсам, мұғалімдерге алдын ала ескертемін. Олар менің жағдайымды түсінеді. Жобалар болмаған кезде әдеттегідей сабағымды өткіземін. Сәнгерлік – маусымдық жұмыс. Көрсетілімдер көбіне күз, көктемде болады. Ал қалған уақытта сирек өткізіледі”, – дейді Наргиз.
Ол сәнгерлік салада жұмыс істеу өзіне ұнайтынын айтады. Сондай-ақ ол бұл кәсіпті сүйікті ісі деп санайды. Наргиздің айтуынша, ол бұған дейін VISA FASHION WEEK ALMATY және VISA FASHION WEEK TASHKENT сияқты көрсетілімдерде жұмыс істеген. Оның бойы – 179 сантиметр.
@kpzvna #fyp #fur #fypシ #рек #переписка #model #подиум #runway #ryp #rur ♬ original sound — 。・゚゚・st✧rs・゚゚・。
“Сәнгер болу – менің албырттықпен қабылдаған шешімім болды. Мен кәсіби модель болуды жоспарлаған емеспін. Бір күні кастингтен өтуді ұйғардым, сөйтіп бірден оқуға қабылдандым. Содан кейін біз бірден келісімшартқа қол қойдық. Екі аптадан кейін мен алғаш рет подиумға шықтым. Болашақта халықаралық көрсетілімдерге қатысқым келеді”, – дейді Наргиз Закария.
Студент қыздың жақындары оның сәнгерлік мансабына барынша қолдау көрсететін көрінеді.
“Менің әпкем мен ағам бар. Бауырларым мен ата-анам менің жетістіктеріммен мақтанады. Тіпті бірге оқитын группаластарым да мені қолдап, көрсетілімге шыққан кезде қатты қуанады”, – дейді Наргиз.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.