Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Ақай Астанада кейінгі бір аптада 2500-ден аса адам медициналық көмекке жүгінгенін мәлімдеді. Оның 1000-нан астамы көшеде мұзда құлап, жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: astanatv.kz
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, елордада қатты аяздан 22 адамды үсік шалған.
"Барлық ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы орташа және тұрақты болып саналады,өткен жылғы көрсеткішпен санағанда биыл жарақат пунктеріне жүгінген адамдардың саны 10%ға төмендеді", – деді баспасөз хатшысы Айжан Ақай.
Синоптиктердің айтуынша, аяздық беті әлі қайтпайды. Ақпан аяқталғанша сақталады. Оңтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейіп, боран соғады.
-
Ақмола облысында қарлы боранда құтқарушы өзін үсік шалғанына қарамастан жүкті әйел мен баланы іздеп тапқан
-
Қазақстанда сегіз облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
"Одан бөлек оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің бастысында, солтүстік батысында, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында қар жауады, боран болады деген болжам бар. Таулы аймақтарда қар қарқындылығы қатты болады", – деді "Қазгидромет" РМК синоптигі Бақытжан Қанатұлы.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.