Отандық киноиндустрияны дамытып жүрген актриса, продюсер Құралай Анарбекова танымал актерлардың гонарарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kuralay_corich/
Актрисаның жақында “Брат или Брак 3” фильмі көрерменге жол тартты. Ел ықыласына бөленген туынды болғанымен, кейбір бөлімдерінде тұрақты актерлар төбе көрсетпеді. Өйткені әріптестері жоғары қаламақы сұраған.
“Сценарий жазылды, түсірілімге көштік. Нұрланға хабарласқан кезде, оның графигі өте тығыз болды. Кез келген мәселені ақшамен шешуге болады ғой. Оған мен бір күніне 20 мың доллар төлеуге дайын болдым. Теңгемен есептегенде 9 миллион теңгедей ақша. Бірақ мәселе ақша емес екенін, оның графигі бір жылға жазылып қойғанын айтты", – дейді кинопродюсер.
-
"10 секундтық сахна үшін 800 мың теңге бердік": "Миллион" командасы "Жездуха" сериалына түскен ең қымбат актердың атын атады
-
"Қарызға баттық": Шымкентте көпқабатты үй салған құрылысшылар төрт айдан бері жалақыларын ала алмай жүр
Сонымен қатар, соңғы кезде “хитмен” болып жүрген әртіс Олжас Абай да қаламақысын көтеріп жіберген.
”Бес ағамның бірі болып ойнайтын Олжас Абай да жоғары гонарар сұрады. Оған 5 миллион теңгеден артық төледік. 1 күн ғана киноға түссе де, ешбір актер миллионнан кем алған жоқ. Біздің продакшн фильм түсіреді дегенін естісе, барлығы гонарарларын көтеріп жібереді. Тек актерлық құрам емес сонымен қатар басқа да қызметкерлер өздерінің табысын көтереді" , – деп шынын айтты актриса.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.