18 ақпан күні сағат 17:00-ден кейін әлем бойынша Telegram желісінде ақау болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Shutterstock
Көбіне Telegram арналары жұмыс істемейді. Жарияланымдар кешігіп шығып жатыр.
Веб-сайттың downdetector мәліметі бойынша, адамдар жаппай шағымдана бастаған.
Тұрғындардың көпшілігі Telegram-ға қосылу мүмкін болмай жатқанын айтып жатыр(58 пайыз), серверге қосылу проблемалары (36 пайыз) және сайтқа кіру (6 пайыз).
Олардың мәліметінше, Telegram жұмысына қатысты шағымдардың көбі Алматы облысынан түсіп жатыр.
Telegram – әртүрлі форматтағы медианы бөлісуге мүмкіндік беретін мессенджер. Жобаны жасаушы – 2013 жылы "ВКонтакте"әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуров.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.