Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанаға көшіп келушілер санын шектеу үшін қала кіреберістеріне блок-бекеттер қою керек деген депутат ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрден журналистер елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожиннің қала кіреберістеріне блок-бекет орнату туралы ұсынысына қалай қарайтыны жайлы сұрады. Сәденов депутаттың бұл бастамасын қолдамайтынын айтты.
“Бізде азаматтарымыз еркін жүріп-тұрады. Астананы шектеу — бұл қажет емес деп ойлаймын. Бізде жылдам бақылауға жеткілікті мүмкіндік бар. Ал қаланы жабудың қажеттілігін көріп тұрған жоқпын", — деді Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, бақылау-өткізу бекеттері болмаса да полицияға тәртіп бұзатындар туралы хабарламалар дер кезінде түседі.
"Бұған күш те, құрал да бар. Сондықтан қажеттілік жоқ. Бұрын барлық жерде (блоек-бекет) болған, оларды алып тастадық. Негізгі магистральдарда ғана бар, ал қаланы жабу қажеттілігі жоқ деп есептеймін. Бірақ шекараларымызда тұр. Пандемия кезінде, төтенше жағдайларға, ол — әкімдіктің балансында", — деді ІІМ министрі.
Еске салайық, бұған дейін, Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин ретсіз көші-қонды тоқтату үшін елорда маңына бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды ұсынған еді. Депутат Астанаға кез келген адам келеді деп алаңдап, тезірек бақылау-өткізу бекеттерін орнатуды талап еткен.
Еңбек министрлігі депутаттың Астанаға блокбекет орнату туралы ұсынысын құптамады.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.