Қазақстанда қыркүйек-қазан айларында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) оқу-жаттығулары өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі INTERFAX.RU сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы жоспарланған. Бұл туралы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Андрей Сердюков мәлімдеген.

Қырғызстанда "Өзара іс-қимыл-2024", барлау күштері мен құралдарымен "Іздестіру-2024" арнайы оқу-жаттығуы, ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің күштері мен құралдарымен "Эшелон-2024" арнайы оқу-жаттығуы жоспарланған. Тәжікстанда Орталық Азия аймағының ұжымдық жедел күштері қолбасшылығымен жедел жиын және "Рубеж-2024" бірлескен оқу-жаттығуы өтті.

  • "Біз Ресейге емес, ҰҚШҰ ұйымына жүгіндік": Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде ресейлік әскерилерді шақыру қаншалықты дұрыс шешім болғанын түсіндірді
  • Ресейде қазақ қоғамының басшысына қарсы әскерге қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша іс қозғалды

Сердюковтың брифингінде ұсынылған баяндамада оқу-жаттығулардың белсенді кезеңдерінде бақылаушы ретінде ҰҚШҰ-ға кірмейтін басқа мемлекеттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілетіні айтылған.

Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҰҚШҰ-ның БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуын талқылаған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.