Оңтүстік Қазақстанда заңсыз жүргізуші куәлігін берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Polisia.kz -тен
Полицейлер Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар тиісті оқыту сабақтарын және көлік басқару тәжірибесін тексермей, ақша алып куәліктерін заңсыз берген және бұл іспен ұзақ уақыт бойы айналысқан.
Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық құрамда ХҚКО қызметкерлері және жоғарыда аталған өңірлерден жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан көмекшілер болған.
“Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген. Осы жылы 12 ақпанда жоғарыда аталған өңірлерде күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша құрықтау және тергеу іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары ұсталды”, – делінген хабарламада.
-
"Есірткіге отырғызып, видеомен бопсалаған": Алматы облысында бір топ адам 17 жастағы қызды бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді
-
Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды
Құқық қорғаушылар тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатырғанын жеткізді. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.