Әлемге әйгілі UFC тұжырымының өткен жылғы табысы рекордтық сомаға жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: MMA Fighting
Құрамына UFC және WWE тұжырымдары кіретін TKO Group Holdings компаниясының қаржылық есебіне сәйкес, компанияға өткен жылы аралас жекпе-жек спортынан 1,3 миллиард доллар табыс түсіп, 2022 жылғы табыстан 13% жоғары көрсеткішге жеткен. UFC-дің рекордтық табысы өткізілетін іс-шаралар мен келісімшартқа отырған демеушілердің артуымен тікелей байланысты болған. Әлемнің ең үздік лигасы 2023 жылдың төртінші тоқсанында 282,8 миллион доллар табыс тауып, 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда (271,7 миллион) 11,1 миллион доллар асып түскен.
ESPN арнасымен трансляциялық келісім арқылы UFC тұжырымына 870,6 миллион доллар кіріс келсе, демеушілер 196 миллион доллар төлеген. 2023 жылы 43 турнир өткізген лига билет сатудан 168 миллион доллар табыс тапқан.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.