Владимир Путин Ресей территориясына шабуыл жасаған жағдайда Батыс елдеріне жауап қайтарып, соққы жасауға дайын екенін айтып, қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей президенті федералдық жиналыстағы жолдауында қақтығыстар мен Батыс елдерімен қарым-қатынас мәселесін талқылады.
Путиннің айтуынша, Батыс елдері Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығысты қоздырып, “Ресей Еуропаға шабуыл жасауды көздеп отыр” деген жалған ақпарат таратып отыр.
"Олар өздері біздің аумаққа соққы беру үшін нысандарды таңдап қойып, Украинаға НАТО контингентін жіберу мүмкіндігі туралы айта бастады.
Кезінде еліміздің аумағына өз контингенттерін жібергендердің жағдайы не болғаны есімізде. Енді интервенттердің жағдайы одан да қиын болмақ. Олар бізде де нысанаға дәл көздейтін қауіпті қару бар екенін түсінуі керек", – деді Путин.
Алайда ол Ресей АҚШ-пен стратегиялық тұрақтылық бойынша диалогқа дайын екенін айтты. Айтуынша, Ресейдің ғарышта ядролық қаруды орналастыру жоспары жоқ.
Ол Ресейдің Еуропаға шабуыл жасайтыны туралы сөздерді "нонсенс" деп атады, сонымен қатар Батысты екіжүзділігі үшін сынады.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.