Чилидің Вальпараисо елді мекенінде орман өрті өршіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мемлекеттік сот-медициналық қызметі Х әлеуметтік желісінде қаза тапқандардың саны 90-нан асқанын мәлімдеді.
“Медициналық сараптама кеңсесі Вальпараисодағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған адамдар туралы ресми ақпаратты ұсынады. Өрт кезінде 99 адам қаза болды”, – делінген хабарламада.
- Павлодарда жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті
- Газ тасымалдайтын көлік жарылып, үш жүзге жуық адам зардап шекті (видео)
Айта кетейік, Чили президенті Габриэль Борич 5 ақпаннан бастап өртке байланысты екі күндік қаралы күн жариялады. Сондай-ақ ол орман өртіне байланысты елде төтенше жағдай енгізген еді.
Бұған дейін "Almaty" хостеліндегі өртке қатысты тың деректер анықталған еді.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.