Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алу 200 мың теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: yandex.kz
Білім министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінде дарынды оқушыларды оқытуды қаржыландыруға арналған "Өркен" білім грантының мөлшерін өзгертуді жоспарлап отыр.
Осылайша, грант сомасы жатақханада тұруды есепке алмағанда 2 150 208 теңгеден 2 349 191 теңгеге, жатақханада тұрумен 3 036 859 теңгеден 3 247 305 теңгеге дейін өседі.
- Парламент Назарбаев басқаратын "Самұрық-Қазына" қорының басқару кеңесін таратып жіберді
- Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстандағы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" атауын өзгерту туралы шешімді эмоциямен қабылдау дұрыс емес екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет қаулысына сәйкес, қыркүйек айының соңында Назарбаев атындағы мектептер, университет және қордың жоғары қамқоршылық кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылғаны туралы жазған едік.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.