Дјрілік заттыѕ медицинада



жүктеу 43.46 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі43.46 Kb.
түріҚұрамы
















Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

20___ жылғы “____” __________

_____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН





Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық

Имупрет®
Саудалық атауы

Имупрет®


Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ
Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 100 мл
Құрамы

100 г препараттың құрамында



белсенді заттар:

Сулы-спиртті сығындысында:

Жалбызтікен тамыры



29.0 г

0.4 г


Түймедақ гүлдері

0.3 г

Қырықбуын шөбі

0.5 г

Грек жаңғағының жапырақтары

0.4 г

Мыңжапырақ шөбі

0.4 г

Емен қабығы 0.2 г

Дәрілік бақ-бақ шөбі 0.4 г



қосымша заттар:

этил спирті 59 %, тазартылған су


Сипаттамасы

Түймедақтың өзіне тән иісі және дәмі бар, мөлдір немесе сәл бұлдырлау сары-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді болуы мүмкін


Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды: R02AA20
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакологиялық қасиеттері препараттың құрамына кіретін биологиялық белсенді заттарға негізделген. Имупреттің® қабынуға қарсы, антисептикалық және иммунитет көтермелейтін әсері бар. Құрамына кіретін белсенді заттар: түймедақ, жалбызтікен және қырықбуын макрофагтар мен гранулоциттер белсенділігінің артуы есебінен организм қорғанышының өзіне тән емес факторлары белсенділігінің артуына ықпал етеді. Бұл құрамдастар оттегінің бактерицидті метаболиттерінің қарқынды түрде түзілуі есебінен фагоциттерде микробтардың жойылуына да ықпал етеді. Полисахаридтер, эфир майлары және түймедақ, жалбызтікен және мыңжапырақ флавоноидтары тыныс жолдары шырышты қабығының ісінуін азайтады. Емен қабығы таниндерінің вирустарға қарсы белсенділігі бар.


Қолданылуы

  • жоғарғы тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларының (тонзиллит, фарингит, ларингит) алдын алуда және емдеуде

  • респираторлы вирустық жұқпаларда асқынулардың алдын алуда және бактериялық жұқпалар кезінде антибиотиктермен емдеуге қосымша ретінде


Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел ауруларда

Ересектер 25 тамшыдан күніне 5-6 рет қабылдайды.

Мектеп жасындағы балалар (6 жастан асқан) 15 тамшыдан күніне 5-6 рет қабылдайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар (1 жастан асқан) 10 тамшыдан күніне 5-6 рет қабылдайды.

Жедел симптомдар қайтқаннан кейін емдеуді кем дегенде бір апта жалғастырған жөн.

Жедел симптомдар қайтқаннан кейін

Ересектер 25 тамшыдан күніне 3 рет қабылдайды.

Мектеп жасындағы балалар (6 жастан асқан) 15 тамшыдан күніне 3 рет қабылдайды.

Мектеп жасына дейінгі балалар (1 жастан асқан) 10 тамшыдан күніне 3 рет қабылдайды.

Тамшыларды сұйылтылмаған күйде, жұтар алдында ауызда біраз ұстай отырып, қабылдайды.

Дозалау кезінде құтыны тік қалыпта ұстаңыз. Қолданар алдында шайқау керек.


Жағымсыз әсерлері

болуы мүмкін:



Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері байқалғанда Имупрет тамшыларын қабылдауды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • күрделігүлді тұқымдастарға белгілі аллергия

  • 1 жасқа дейінгі балалар


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіруге болады және біріктірген дұрыс. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.


Айрықша нұсқаулар

Бұл дәрілік препараттың құрамында 19 % (к/к) спирт бар.

Ішке қабылдауға арналған тамшыларды алкогольге қарсы табысты емдеуден кейін қолданбаған жөн. Маскүнемдікпен немесе бауыр ауруларымен зардап шегетін емделушілерге тамшыларды тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.

Егер симптомдар препарат қабылдаудан 1 аптадан кейін қайтпаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Пайдаланған кезде құтыны тік қалыпта ұстаңыз.

Сақтау кезіне сәл бұлдырлануы немесе аздап шөгінді болуы мүмкін. Бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Қолданар алдында шайқау керек!

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезінде препаратты тек дәрігердің тағайындауымен ғана қабылдаған жөн.



Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.


Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз


Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан үстінде дозалағыш тамшы құрылғысы, бұрандалы қақпағы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын күңгірт шыныдан жасалған құтыда. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бүктемелі картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

2 жыл


Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.


Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз


Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия


Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия



Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі



Алматы қ., «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет