Жапон жігіт қазақ тілін жетік меңгеріп, желідегілерді таң қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

TikTok желісінде Еуропада тұратын жапондық жігіттің қазақ тілінде еркін сөйлеп, Қазақстаннан келген тағамнан дәм татқан видеосы танымал болды.

Қала көшелерінде түсірілген видеода ол өтіп бара жатқан қазақтардан қай қалада тұратындарын және қазақ тіліндегі сүйікті сөздерін сұрайды.

"Сәлем, Қазақстан”, – деп сәлем жолдады жігіт қазақша.

Тағы бір видеосында ол  дүкенге кіріп, Қазақстаннан шыққан өнімдер бар ма деп сұрайды. Ол өзі Жапонияда туғанымен, үнемі барлығы оны қазақ екен деп ойлап қала беретінін айтты. 

"Мен ол қазақ емеспін деп өтірік айтқандай болды”, "Барлық азиялықтардың ішінде, жапондар қазақтарға көбірек ұқсайды", "Оның қазақ емес екеніне көз жеткізу үшін барлық бейнелерді қарауға тура келді” деп жазады қолданушылар.

@beleza_yuji Kazakh language 🇰🇿 #kaazakh #kazakhstan #kazakhstan🇰🇿 #japan #japanese #ireland #irish #turkish #russian #vienna #austria🇦🇹 ♬ оригинальный звук — Beleza_Yuji


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.