Қостанай облысында боранда жоғалып кетіп, үш күннен соң тірі табылған шопан оқиға туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Арқалық қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асылхан Нұрғалиев табылған шопан Талғат Кенжин жатқызылған Арқалық аудандық ауруханасына барды.

"Әңгіме барысында Кенжин үш күн бойы далада адамдарға немесе елдімекендерге апаратын жолды іздеп жүргенін айтты. Ер адам осы күндері ешнәрсе жеп, ішпегенін де атап өтті. Ол 16 қаңтар күні кешке тас жолды тапқан. Кейінірек анықталғандай, бұл республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл болып шықты. Ер адам жолда келе жатқан бірнеше көлікті кездестірген, бірақ, ешкім көмектесу үшін тоқтамапты", – делінген хабарламада. 

Ер адам тас жолдың бойымен жүруін жалғастырған. Шопанды Восточное ауылының маңында ер адамды іздеп жүрген учаскелік полиция инспекторы Тұрғанов тауып алған.

Ер адам 13 қаңтар күні жылқыларды іздеуге шығып, жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына 50 адам қатысты. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та пайдаланылды. Табылған ер адам үсік шалып, Арқалық ауруханасына жеткізілген. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.