Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жасұлан Әкімжан Америкада жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне мәлімдеді.
Фото: Prosports.kz
Еліміздегі ең үздік ММА шеберлерінің бірі саналатын Жасұлан Әкімжан келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Осыдан бірнеше ай бұрын америкалық “First Round Management" менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырған спортшы мансабын АҚШ-та жалғастыруды көздейді.
“Қазір оразаға дейін Naiza лигасында бір жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Соңғы жеңілістің орнын толтырып, қайтадан жеңіс жолына шығу керек. Содан кейін виза мәселесі шешілсе, АҚШ-қа аттанамыз. Менеджерлерім осы мәселемен айналысып жатыр. Виза алсақ, төбелесетін тұжырым да дайын тұр. Әзірше, нақты қай лига екенін айта алмаймын” – деді спортшы.
Айта кетейік, “First Round Management" компаниясы UFC-де өнер көрсететін Асу Алмабаев, Джон Джонс, Илия Топурия, Андрей Орловский және танымал Деметриус Джонсон сияқты жауынгерлердің спорт әлеміндегі істерін жүргізеді.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.