Алматы облысындағы Екпінді ауылының тұрғындары жөндеу жұмыстары аяқталмай жатқан мектеп басшылығына шағымдарын білдірді. Айтуларынша, мекеме басшылығы білім ордасындағы жөндеу жұмыстарын осы жылдың қаңтарына дейін, кейіннен наурыз айына дейін аяқтауға уәде берген. Алайда, берген уәдесін орындамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюра арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

Екпінді ауылындағы 50 жылға жуықтаған №2 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың жазында басталған. Жаңарту жұмыстарын елді мекендегі 1300 оқушы күтуде. Әзірге олар 3-4 есе артық жүктемесі бар басқа оқу орнында оқуға мәжбүр.

"Балам 8-сыныпта оқиды. Сабағы кешкі төртте басталады. Бар болғаны төрт сабақ. Балалар үйге сағат жеті-сегізде қайтады. Бізде әлі күнге дейін саяжайда оқитын балалар бар. Шамалған станциясының артында. Біз сонда көшіп жатырмыз. Онда кептелісте сағаттап тұрып, үйге түнгі 10-да оралады", — деді ауыл тұрғыны Елена Евстегнеева.

Қыс мезгілінде аудан әкімі кездесу барысында ауыл тұрғындарына мектеп биылғы оқу маусымының төртінші тоқсанында есігін айқара ашатынын айтып, уәде берген. Алайда желтоқсан айының соңынан бері құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. 

"Соңғы төлем 2023 жылдың қыркүйек айында жасалды. Алты ай өтсе де, ешқандай қаржы алған жоқпыз. Бізде 2025 жылы ачқтау керек деген келісім бар", — деді бөлім меңгерушісі Дінислам Нұрдәулет. 

Мердігерлер күрделі жөндеуді 50 пайызға орындаған. Қаржыландыру тоқтатылғаннан кейін олар 109 миллион теңгені өз қалталарынан шығарған. Ақша қалмады, жаңа қаржы әлі бөлінген жоқ.

Әкімдік мәслихаттың қысқы сессиясында қаржы тапшылығына байланысты күрделі жөндеуді аяқтауға ақша бөлінбегенін түсіндірді. Енді олар қайтадан бюджеттік өтінім береді.

"Келесі аптада мәслихат отырысы өтіп, ақша бөлінеді. Ал атқарылған жұмыстың ақысын төлейміз. Қаржыландыру жаңартылса, мектеп оқушылары алдағы оқу маусымынан бастап жаңа мектепте оқиды. Ақша бөлінбесе, балалар тағы да басқа оқу орындарында оқитын болады", — деді Іле аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлішер Сырым. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы мектептердің бірінде ата-аналар балаларға қатырылған тамақ бергеніне наразылығын білдіргені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.