Е-gov порталының кірісуімен мемлекеттік қызметшілерді тестілеу



жүктеу 9.35 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі9.35 Kb.

Е-gov порталының кірісуімен мемлекеттік қызметшілерді тестілеу.

Ұлан ауданының тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік қызметшілерді тестілеуден өткізуге, сондай-ақ, әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымына бос орындарға орналасуға ниет білдірген азаматтар үйде отырып e-gov электронды порталының кірісуімен немесе халыққа қызмет көрсету Орталығы арқылы өтініш бере алады.

Қызметті ҚР мемлекеттік қызмет істері және облыстардағы аумақтық бөлімшелері бойынша Агенттігі көрсетеді.

Е-gov порталының кірісуімен мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатпен ХҚКО арқылы берілетін электронды-сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) болуы қажет.



Е-gov веб-порталының кірісуімен өтініш бергенде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолхатта көрсетілген күн мен уақытта ұсынылады. Тестілеуден өткізудің ең көп уақыты тестілеу бағдарламасына байланысты 2 сағат 20 минут. Қызмет алушының тестілеуден сәтті өтуінің нәтижесінде уәкілетті тұлғаның қолы қойылып, мөрмен куәландырылған қағаз жүзіндегі сертификат немесе тестілеуден өтпеген жағдайда шектік мәнінен төмен нәтижемен тестілеуден өткізілгені туралы анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет