«Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна



жүктеу 63.51 Kb.
Дата23.08.2018
өлшемі63.51 Kb.

«Ә.Марғұланның ауыз әдебиті мұралары»

тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
Халық ауыз әдебиетінің мұраларын тарихи деректермен салыстыруда академик Әлкей Марғұланның еңбегі орасан зор. Оны ғұлама ғалымның «Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі», «Ежелгі дәуірдегі халықтың аңыздары», «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер», «Кісі, ел аттары, олардың тарихи негізі», «Қорқыт туралы қазақтың қара сөздері», «Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар», «Қорқыт бұрынғы ғалымдар мен ақындар есінде», «Қорқыт кітабының қазақ аңыздарындағы елесі», «Қорқыт жүрген жерлер», «Қорқыт музыкасындағы дәстүрлер», «Қорқыттың өліммен күресі», «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Жырдың варианттары», «Қазақтың ерлік жырларындағы әлеуметтік сарындар», «Манас жырын жинастыру тарихынан», «Манас жырының мазмұны мен сюжет кұрылысы» т.б. еңбектерінен анық көреміз.

Әлкей Марғұлан Ленинградта оқыған жылдарында С.Ф. Ольденбургтен үнді фольклоры мен өнері, Ю.И. Крачковскиден араб филологиясы, Е.Э. Бертельстен парсы поэзиясы, С.Е. Маловтан көне түркі тілдері, А.Н. Самойловичтен Орта Азия халықтарының әдебиеті, Н.Я. Марр мен И.И. Мещаниновтан, ВЛ. Щербадан тілтану туралы дәрістер тыңдаған. В.В. Струве, Б.Я. Владимирцев, Б.М. Эйхенбаум, С.И. Руденко, А.Ю. Якубовский секілді белгілі шығыстанушылардың дәрістеріне қатысып, еңбектерін оқумен қатар сол тұлғалардың өздерімен де жақын танысып, пікірлесіп, білісіп жүргенге ұқсайды. Ленинградта басылып шыққан «Қазақтар» деген ғылыми жинақта Әлкей Марғұланның «Наймандар» атты көлемді мақаласы жарық көрген.

Ә.Марғұлан эпостық шығармалардың шығу тарихын әлеуметтік өмірмен байланыстыра зерттеген. Онда да жыр мазмұнын құрғақ талдамай, оларды көне қытай, моңғол, ұйғыр, түрік жазба ескерткіштеріне, тарихи деректерге сүйене отырып қарастырған.

Әлкей Марғұлан тарихи деректерді жер,су аттарына аңыздармен де үйлестіре зерттеген. Мәселен, Ыстық көл маңында жұртта қалған жетім баланы бұғы асыраған тауды «Бұғылы» деп, кейін қырғыз елінің бір бұтағының бұғылы атанғанын аңыздарға сүйене отырып байқайды. Аңыздардың негізсіз қиял емес, ел-жер тарихымен байланысты туатынын дәлелдей түседі.

Үйсіннің жылқысы қытай әскерлерінің назарына ерекше ілінген. Боз ат мініп шыққан үйсіннің жігіттері қытайларға «тәңірідей» көрінген. Сондықтан, қытай хандары үйсіннің бектеріне өздерінің қыздарын беріп, құдаласып, қалыңдығына жүз боз жылқы алатын болған.

Ал үйсіннің бектері қытайдан алған ханшаларына арнайы сарай салдырып, қыста сонда қыстап, жаз жайлауға шығатын болған. Негізінен күріш, мейіз жеп өскен қытай хандарының қыздары көшпелі тұрмысқа көндікпеген. Қазақтар оларды «мекіре қатын» (суда үйренген балық деген сөз) деп атаған.

Осындай жағдайдан туған қытай ханы қызының еліне өлеңмен жазған хатында былай деген:

Туған елімнен айрылып,

Жат жұртқа мені ұзатты.

Аталы жұрт, арту ел

Үйсіннің ханы некелеп,

Басыма салды тұзақты

Ішетіні сүт болып,

Жейтіні ылғи ет болып,

Тұратын орны киіз үй,

Мен сағынып елімді

Өртенді ішім өрт болып.

«Мекіре қатыннан» [1, 223б.] туған үйсін бектерінің қыздары ол кезде қытай жұртына барып оқып, өнер үйренген. Олар қытай астанасында оқып, музыка үйренеді екен.

Әлкей Марғұлан ескі дәуірде шыққан эпостық жырлардың бүгінге дейін сақталғандары ретінде мыналарды атайды: «Ер Төстік», «Төлеген батыр», «Сүр мерген», «Хан мерген», «Шолпан мерген», «Құла мерген, «Қара мерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Досан» т.б. Бұлардың ішінен «Ер Төстік» [2, 236б.] ежелгі дәуірде шыққан бақташылық жырлардың ерекше түрі, тарихи дәуірден қалған әңгіме ерлік жыры онда кездесетін жер аттары да алғашқы коғам дәуірін көз алдымызға елестетеді деген түйін жасайды. Бұл жырлар ғасырлар бойы талай өзгеріске ұшырап, бұрынғы ерлік жырынан ертегіге айналып кеткен дейді.

Әлкей Марғұлан Манас жырын талдай келе қазақ пен қырғыздың салт-дәстүрінің ойын-тойының ұқсас екенін жамбы ату, күрес, аударыспақ, сияқты ойындарымен салыстырған. Салыстыру арқылы қойы қоралас, ауылы аралас екі елдің әдет-ғұрыптарының, тұрмыс-тіршіліктерінің ұқсастығын дәлелдейді.

Шоқан жазып алған Манас жырының нұсқасында Жақып Манасқа «аты ырғайдай, өзі торғайдай» болғанша ел сабылтып қалыңдық іздейді. Ақыры өзімен аралас Қараханның Қаныкей атты қызын ұнатып, баласына айттырмақ болады. Қаныкейдің әкесі Қарахан Жақыпты менсінбей «менің қызым хан ұлына, ал сенің ұлың құл қызына лайық» [3, 2-3бб.] деп кемітеді. Манас мұны естіп ашуланып, Қараханды шауып, қызын зорлап алмақшы болады. Қаныкей Манастың айдынын көріп және жігітті ұнатып, қасына қырық қыз ертіп, қырық шатыр тіктіріп, Манастың жігіттеріне қыздарды тарту етеді де, өзі Манаспен қосылады.

Академик В.В. Радлов жазып алған нұсқада Манастың әкесі Жақып: «ұлымы лайық қызды қытай, сарт, қалмақ, қызылбас (Иран) жұртынан таппадым. Тек қана саған келіп табындым» [4, 3-18б.] деп Темірханға құда болуға ниет білдірген.

Ал Шоқан жазып алған нұсқада Манастың жаулап алған әр елден олжалаған бес әйелі суреттеледі, «Қаныкей тарихта болған атақты Тоқтамыс ханның қызы еді. Тоқтамыстың Қаныкей, Жүнікей деген екі қызы болған. Олардың бейіті Қырымда күні бүгінге дейін тұр» [5, 123-126бб.] дейді. Әлкей Марғұлан Тоқтамыстың қызы мен Манастың өмір сүрген дәуірі арасында екі-үш ғасыр алшақтық бар. Шоқан аңызға сенгені болуы керек дегенді айтқан. Әлкей Марғұлан жырдың әр нұсқасын тарихи деректермен салыстыра қарастырып, эпикалық бейнелер, кісі аттары, тарихи оқиғалар «Манас» жырында тұрақты емес, жиі өзгеріп, кейде қиғаш болып жатады дейді.

Ғалым Манас жырында мынадай жер, су аттары жиі кездесетінін айтқан. Іле, Тоқырауын, Ақтоғай өзендері, Қарқара тауы, Бозтөбе жері, сондай-ақ қазіргі Жоңғар өлкесінде «Манастың тамы», «Манас өзені», «Манас ойпаты», «Манас қаласы», «Манас бекеті» деп аталатын бірнеше географиялық атаулар бар. Ондай атаулар Тарбағатай, Алтай тауларында, Орталық Қазақстан жерінде де жиі кездеседі. Бұған қарағанда «Манас» жыры Алтай, қалмақ, қазақ, қырғыз елдеріне ортақ болғанға ұқсайды. Манастың атасы Жақыптың Шораларға айтқан:

Кіндік кескен жерлерің,

Кіріңді туған жерлерің

Кебес бір таудың бер жағы,

Шалқып жатқан кең Ертістің басы [6, 129-131бб.], дегеніне қарағанда Түрік қағанаты кезіндегі Алтай мен Ертіс бойының саяси-шаруашылық, әлеуметтік мәнін еске түсіреді деп, Әлкей Марғұлан өз ойын соны деректермен тұжырымдайды.

«Манас» жырын кезінде Шоқан Уәлиханов та зерттеп, оның «Көкетайдың асы» деген бөлімінің мазмұнын орыс тіліне аударып, «Манас» жыры қырғыз халқының ертедегі шаруашылық кәсібі мен тұрмыс салтын суреттейтін энциклопедиялық шығармай [7, 38б.] десе, ұлы ойшыл академик М.О. Әуезов Қырғыздың «Манас» жыры ертедегі гректердің «Иллиада-Одиссеясы» сияқты әлем мәдениетінің алтын қорынан үлкен орын алатын кесек туынды» деп, зор баға берген болатын. Ал Әлкей Марғұлан «Манас» жырының әр нұсқасының мазмұны мен шығу тарихын тарихи көне деректерге сүйене талдай отырып, «Манас» бір дәуірдің туындысы емес. Ол көп заманның оқиғаларын, талай ғасырдың аңыздарын, эпикалық сарындарын тұтастырып айтқан ғаламат эпопея» деп ой қорытқан.

Әлкей Марғұланның көшпенділердің көне мәдениеті жөніндегі зерттеу еңбектерінің ішіндегі ең құндыларының бірі Қорқыт ата туралы еңбегі. Әлкей Марғұлан «Қорқыт VIII ғ. мұрасы. Қорқыт тарихи дәуірде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз, қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. . . » [4, 3-18бб.] дейді.

Әлкей Марғұлан Қорқыт жырлары мен күйлерін зерттелу тарихына тоқтала келіп, бұл салаға үлес қосқан белгілі ғалымдар В.В. Бартольд, А.А. Диваев, И.В. Аничков, И. Жетпісбаев, В.А. Кастанье, В.А. Каллаур, П.И Спридонов, А.Н. Самойлович, М.О. Әуезов, А.В. Затаевич, А. Жұбанов т.б. деп, атай келе, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды.

Әлкей Марғұлан. Ғалым сөз еткен Қорқыт жырының тағы бір кереметі имандылық, кісілік, қанағатшылдық жайындағы тәлімдік ойлары мен афоризм сөздері. Ол Қорқыт айтты: Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі. Қолына өткір қылыш алып, соны жужай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі ... Қонағы жоқ қараша үйден тулазыған тұз артық ... Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды» [8, 10б.] т.б. деген асыл сөздер.



Көне халық мұрасын жеріне жеткізе зерттеген, сөйтіп, артына он екі томдық бай мұра қалдырған әрі тарихшы, әрі этнограф, әрі фольклорист, әрі педагог, әрі музыкатанушы, сегіз аспап ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан атамызды халықтың тарихи танымының тарланы деуге лайық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Жұбанов М. Өскен өнер. Алматы, 1985. 223 бет.

  2. Сағадиев А. Адамзаттың Манасы. Алматы, 1990. 236 бет.

  3. Атабаев Қ. Тарих пен дерек көзі-фольклор. // Қазақ әдебиті. 2002 - №102. 2-3бб.

  4. Әлкей Марғұлан. Қазақ мемлекетіне неше жыл? // Жалын. 2004. - №8. 3-18бб.

  5. Байгунаков Д.С. Ә.Х. Марғұлан көне дәуір зерттеушісі. // ҚазҰУ хабаршысы. 2006. - №3. 123-126бб.

  6. Дәнел Марғұлан. Арманы көп еді. // Парасат. 2004. - №11. 129-131бб.

  7. Марғұлан Ә.Х. Қозы Көрпеш - Баян сұлу. // Қазақстан мектебі. 2000. - №8. 38б.

  8. Көмеков Б.Е. Ерен тұлға. // Парасат. 2004. - №11. 10б.

Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабаќ жоспарыныѕ картасы
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сабақ мақсаты : Оқушылардың рухани- адамгершілік туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет