Ә. Сәрсенбаев. «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым!»



жүктеу 29.51 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі29.51 Kb.
түріСабақ


Ә.Сәрсенбаев. «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым!»


Сабақтың мақсаты:

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, өлең мазмұнын меңгере отырып, тақырыбы мен идеясын ұғындыру, лирикалық мәніне тоқталу.

Оқушылардың туған елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:

Оқушылар оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлайды

Сабақтың типі:

Аралас сабақ.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, кері байланыс, ойтолғау

Сабақтың көрнекілігі:

Жазушы портреті, шығармалары

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Сергіту сәтін жасату. Оқушыларды түрлі-түсті шарлар арқылы төрт топқа бөлу

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын оқушылар түрлі-түсті шарларға сұрақтар жазып, бір-біріне шарды лақтыру арқылы сұрақ қояды. Әр шарды тосып алған оқушы сұраққа жауап береді.

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы.

2. «Жапон балладасы» мазмұндау.

Шолу сұрақтар:

1. Неліктен . «Жапон балладасы» деп аталған?

2. Бөлімдерін ата.

3. «Арқаның әңгімесінде» не айтылады?

4. «Көздің әңгімесі» не туралы?

5. «Тастың әңгімесі» не туралы:?

6. Баллада дегеніміз не?


Жаңа сабақ

1. Ә.Сәрсенбаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

2. «Сен құрметте оны, қарағым!», «Туған жер» өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.

Әр топқа тапсырмаларды бөліп беру.

1-топ: Ә Сәрсенбаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік. (хронологиялық кесте) Электрондық оқулық арқылы «Ер- елі үшін туады» бейнефильм көрсету.

2-топ: «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңі бойынша талдау, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Өлеңдер мәнерлеп оқыңдар.

2. Өлең мазмұны қандай оқиғаға арналған? Ол туралы сендер тарихтан не білесіңдер?

3. Денесін оқ пәршелесе де , Ел намысын қорғап қалды, - деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

Сөзмаржан:

Намыс – 1. Адамгершілік, ар, абырой.2. Ұят, ождан.

Пәршелеу – быт-шыт қылу, бөлшек бөлшек ету, тілгілеу, кестелеу

3- топ: Таным дерек бойынша мағлұмат беру. Электронды оқулық арқылы лирика туралы түсінік беру. «Туған жерім - тұғырым» бейнефильмін кһөрсету.

4-топ: «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау жасау, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Уа, ту-ған жер,то-пы-ра-ғың-нан жа-рал-дым,

А-ла-бың-нан ар-ма-ны-ма нәр ал-дым.

Тұ-ны-ғың-нан жү-зіп іш-тім сен-де-гі,

Ал-тын а-рай таң-ғы жұ-пар са-мал-дың..

Шумақ-1(4), тармақ- 4 (16), бунақ-3, буын-11,12 Қара өлең ұйқас.

Сұрақтар мен тапсрымалар:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Ақын өзінің міндеті туралы не айтады?

3. Өлеңдң ақынның туған жерге деген махаббаты қандай жыр жолдары арқылы берілгенін тауып оқыңдар.

4. Атамекен, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді білесіңдер?

«Көне Тараз» туралы бейнефильм көрсету


Сабақты бекіту

1-топ: Авторға хат жазу.

2-топ: «Туған жерім - тұғырым» (ойтолғау)

3-топ: «Ер-елі үшін туады» (ойтолғау(

4-топ: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» (ойтолғау)



Кері байланыс парағы (Бағалау)

Стикерлер тарату: Не үйрендім? Не ұнады/ұнамады? Өз пікірім

Бағалау:


1. Өзара бағалауды тыңдау,

2. Жалпы топ бойынша бағалау.

3. Оқушылар білімін қорытындылап бағалау.

Қатыспаған оқушыға байланысты 1 ұпай кеміту.



Үй тапсырмасы

1. Ә.Сәрсенбаев өмірі мен шшығармашылығы туралы қосымша деректер.

2.. «Туған жер», «Сен құрметте оны, қарағым!» жаттау



Каталог: uploads -> doc -> 0787
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет