Синоптиктер 3-4 наурыз Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды және Орал қалаларында метеорологиялық жағдайларға байланысты ауада ластаушы заттардың тарайтынын айтып, тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото iStock

Қазгидрометтің мәліметінше, бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.

Ластаушы заттардың ішінде: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкіртсутек бар. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болғандықтан адам ағзасына зиянын тигізеді.

Қолайсыз метеожағдайлар-атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсияның) әсерінен туындайды.

Еске салсақ, синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

 

  • "Жаһандық климаттың өзгеруі сөзсіз жеделдейді": Антарктидада көлемі Түркиямен бірдей мұздық еріп кетті

  • BBC басылымы Қазақстанда метанның апатты мөлшері сыртқа шығып кеткенін жазды: Оқиғаға экология министрлігі түсінік берді


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.