Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2019
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының

инвестициялар және даму Министрінің

2017 жылғы «__» ______ №____бұйрығына

қосымша
Қазақстан Республикасының

инвистициялар және даму Министрінің

2015 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 1194 бұйрығымен бекітілген

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға



бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне

мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы
29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы
2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Еңбек өнімділігін арттыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін бәсекелестік артықшылық болып табылады және кадрлық әлеуетке, өндірістің материалдық-техникалық базасына, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларға, өнім өндіруді тиімді үйлестіру мен оны жүзеге асыруға байланысты факторларға негізделеді.

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

1) Алты сигма (Six Sigma) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, үдерістердің әрқайсысының сапалы шығуының жақсаруын, өндірістік істе кемістіктер мен статистикалық ауытқулардың төмендеуін көздейтін өндірісті басқару тұжырымдамасы (бұдан әрі – Six Sigma);

2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және басқа құжаттаманың пакеті;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шектерде басшылықты, салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыратын немесе ішкі және (немесе) сыртқы нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізу жұмыстарын іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

5) Кайдзен (Kaizen) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, өндіріс, әзірлеу процестерін, қосалқы бизнес-процестерді және басқаруды, сонымен қатар өмірдің барлық жақтарын үзіліссіз жетілдіруді көздейтін жапондық пәлсапа немесе тәжірибе (бұдан әрі – Kaizen);

6) Канбан (Kanban) – ұқыпты өндірістің бөлшегі, «дәл мезгілде» қағидасын іске асыруға мүмкіндік беретін өндіріс пен жабдықтауды ұйымдастыру жүйесі (бұдан әрі – Kanban);

7) Карта жобасы – Индустрияландыру картасына немесе Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылған және басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жоба;

8) қаржылық емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде, «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын қоса қаржыландыру (Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» компоненттерін қоспағанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

9) құрал жабдықтарды барынша күту (Total productive maintenance (TPM) – ұқыпты өндірістің бөлшегі техникалық күтудің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірістік құрал-жабдықтар менеджментінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – ТРМ);

10) құрал операторы – құралдар жеткізетін, жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуы бар заңды тұлға және (немесе) ұлттық даму институтының, ұлттық басқару холдингінің еншілес ұйымдары;

11) орындаушы – Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

12) өтініш берушінің өнімі – өтініш беруші өндіретін тауар және/немесе орындайтын/далған жұмыстар және/немесе көрсететін/көрсетілген қызметтер;

13) өтініш беруші – Қағидалар шеңберінде құралдарды алу үшін өтініш берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

14) топ-менеджер – заңды тұлға басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе қаржы (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімдерін қоспағанда, өндірілген өнімді/қызметтерді өндіру/көрсету және/немесе өткізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы.

15) Ұқыпты өндіріс – Kaizen, 5S, TPM, Kanban, Six Sigma және басқа да элементтерді қамтитын, ысыраптардың барлық түрлерін жоюға ұмтылуға негізделген өнеркәсіптік кәсіпорынды басқару тұжырымдамасы;

16) Энергия тиімді технологиялар – энергия ресурстарын тиімді (рационалды) пайдалануға бағытталған технологиялар. Ғимараттар және өндірістегі технологиялық процестердің энергиялық қамтамасыз етілу деңгейін кемітпейтіндей энергияның аз мөлшерін қолдану;

17) 5S – ұқыпты өндірістің бөлшегі, жұмыс орнын (жұмыс кеңістігін) ұйымдастыру мен оңтайландыру (бұдан әрі – 5S).

4. Өтініш берушіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын көрсету шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар өтеуге жатпайды.

5. Өтініш берушінің кәсіпорын құзіретін арттыру шеңберінде кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде жол жүру мен мекендеуге жұмсалған шығындары «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысына сәйкес қайтарылады.

6. Өтініш беруші мен орындаушы арасында шарт жасасу сәтінде осы қағидалардың 11, 12, 13, 26, 27, 35 және 43-тармақтарының талаптарына сәйкес орындаушы тартылады.

2-тарау. Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық субъектілеріне мемлекеттік қолдау

шараларын ұсыну тәртібі
7. Осы Қағидалар шеңберінде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мынадай құралдарды қамтамасыз ету болып табылады:

1) мына кездерде индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру:

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде;

Картаның жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау кезінде;

2) кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға кететін шығындардың орнын мына жағдайларда толтыру:

сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізу;

3) технологиялық процестерді жетілдіруге кететін шығындардың орнын толтыру;

4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға кететін шығындардың орнын толтыру;

Ұлттық институт өтеуге қабылдайтын өтініш берушінің келісімшарт бойынша шығындары құжаттар негізінде, соның ішінде көрсетілген қызметтің жалпы сомасы актісінің (актілерінің) негізінде және Осы Қағидаларда көрсетілген өтініш беру мерзіміне сәйкес төленеді.

Бұған қоса, өтініш берушінің шығындарының ұлттық институт тарапынан өтелу мерзімінің есептелуі Осы Қағидалар талаптарына сай құжаттар қоса берілген шығындарды өтеу туралы өтініші Осы Қағидалардың 51 және 54-тармақтарына сәйкес енгізілген/қайталап енгізілген күннен бастап есептеледі.

Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4)-тармақшаларында көрсетілген құралдар Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш берушілер үшін Экономиканың басым секторларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес индустриялық-инновациялық жобаны іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлаған өтініш берушілерге беріледі.

1-параграф. Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді

жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін

шығындардың орнын толтыру
8. Өтініш берушіге индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына жұмсалатын шығындардың орнын толтыру түріндегі мемлекеттік қолдауды индустрияны дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ұлттық институт) көрсетеді.

9. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау шеңберінде, өтініш берушінің күнтізбелік жылда шеккен шығынының 40 (қырық) пайыз мөлшерінде, бірақ 60 (алпыс) миллион теңгеден аспайтын көлемде орнын толтыру көзделеді:

1) лизингтік қаржыландыруды алуға арналған индустриалды-инновациялық жобаны кешенді әзірлеу үшін;

2) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және/немесе сараптау үшін.

Ұлттық институт өтейтін өтініш беруші шығындар сомасы өтініш беру күніне дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес мерзімде қол қойылған қызмет көрсетудің актісі (актілері) негізінде анықталады.

10. Қарауға индустриялық–инновациялық қызмет субъектілерінің өтінішдеріне жол беріледі:

1) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асырушы және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлаушы;

2) Карта жобалары үшін техникалық–экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау кезінде: Тізбеде анықталған экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асырушылар.

11. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу мақсатында индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

1) 2 (екі) жылдан кем емес қызметті жүзеге асыру;

2) өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар және инфрақұрылымдық жобалар бойынша кешенді, бизнес-жоспарларды, техникалық–экономикалық негіздемелерді әзірлеу саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;

3) көрсетілетін қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның болуы (біреуі жеткілікті).

12. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу үшін өтініш беруші мынадай критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

1) кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

2) көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі бар, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманы бар (біреуі жеткілікті).

13. Аккредиттелген сараптамалық ұйым немесе аттестацияланған сарапшы, немесе мемлекеттік сараптамалық ұйым Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздеменің кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу үшін өтініш беруші тартқан орындаушылар болып табылады.

14. Осы Қағидалар шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне кететін шығындардың орнын толтыруды алуға үміткер өтініш беруші Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш, сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлға:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

заңды тұлға:

жарғы көшірмесі;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың көшірмесі;

3) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушының көрсеткен қызметтері актісінің көшірмесі;

4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомаға берген шот-фактураларының көшірмесі;

5) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптамасы бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері;

6) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру туралы құрал операторының оң шешімінің көшірмесі;

7) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесі және/немесе сараптама орындаушысының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

8) Осы Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

9) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

10) орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстардың қорытындылары бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе актілердің кемінде 2 (екі) көшірмелері;

11) Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осы тармақтың 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлғаның қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

15. Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші Осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлғалар:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

заңды тұлғалар:

жарғы көшірмесі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;



2) өтініш беруші мен Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

3) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

4) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

5) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмаларының көшірмелері;

6) өтініш берушінің Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасына қосылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

7) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) Карта жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және/немесе сараптама орындаушысының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

8) Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

9) тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

10) Осы Қағидалардың 12-тармағы 2) тармақшаларына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

11) аккредиттелген сарапшылық ұйым немесе тиісті аттестаты бар сарапшы немесе мемлекеттік сарапшылық ұйым жүргізген, құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеменің ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі (аталған қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болған жағдайда).

Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға болған жағдайда осы тармақтың 4) және 9)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттар ұсынылады.

16. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.



17. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының (бірінші басшының міндетін атқарушылығын растайтын құжат болғанда) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қолымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.

2-параграф. Кәсіпорын құзыретін арттыруға кететін
шығындардың орнын толтыру

18. Осы Қағидалар шеңберінде өтініш берушіге кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды ұлттық институт ұсынады.

19. Кәсіпорынның құзыреттілігін арттыру шеңберінде өтініш берушінің шеккен шығыстарын өтініш берілген күнге дейін 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес 40 (қырық) пайыз, бірақ күнтізбелік жылда 30 (отыз) миллион теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделген;



1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін;

Ұлттық институтпен өтелетін өтініш беруші шығыстарының сомасы кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлауды жүргізген ұйымның өтініш берілгенге дейінгі 24 (жиырма төрт) айдан ерте емес қол қойылған қызмет көрсету актісінің (актілерінің), сондай-ақ осы Қағидалардың 22 тармағының 2) мен 3)-тармақшаларында көрсетілген шығыстарды растаушы құжаттар негізінде анықталады.

2) 1 (бір) сарапшыға 9 (тоғыз) миллион теңгеден аспайтын көлеммен сарапшыларды тарту арқылы ең үздік өндіріс тәжірибесін ендіру үшін.

Ұлттық институтпен өтелетін өтініш беруші шығындарының сомасы келесілердің негізінде анықталады:

Есеп айырысу-төлем тізімдемелеріне сәйкес үздік өндірістік тәжірибелерді ендіру үшін шетелдік білікті сарапшыларға еңбек келісімшарттарына сай жалақы төлеуді растайтын заңнамалық тәртіппен бекітілген есеп айырысу-төлем тізімдемелері мен құжаттар.



Жұмысқа ақы төлеу шығыстарын есептеу кезінде өтелу мерзіміне кіретін толық күнтізбелік айлар есепке алынады.

20. Еңбек өнімділігін артыруға бағытталған кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау, жаңа білім, дағдылар мен тәжірибе алу мақсатында инженерлік-техникалық персоналдың, топ-менеджерлердің, өндірістік персоналдың біліктілігін арттыруды, оларды оқытуды, қайта даярлауды, тағлымдамадан өткізуді, оның ішінде шет елдерде де, ұйғарады.

21. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және/немесе қайта даярлауды өтініш беруші мына түрде жүзеге асырады:

1) білім беру, мамандандырылған және ғылыми ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда курстарда, семинарларда 1 (бір) айдан көп емес оқыту;

2) тағлымдама ұйымдастыру үшін тартылған ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мамандандырылған ұйымдарда, соның ішінде шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан көп емес тағлымдамадан өткізу.

22. Кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау кезінде өтініш беруші шеккен шығындарды өтеуге:

1) кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлауды және / немесе қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым қызметтерінің құны;

2) бір мәрте іссапарға жіберілген орынға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту жол жүрісі құны;

3) жұмыскердің, оның ішінде топ-менеджерлердің кадрларды даярлау және/немесе қайта даярлау мерзімі ішінде, курстарда, семинарларда оқыту кезінде 1 (бір) айдан аспайтын және тағлымдамадан өту кезінде 3 (үш) айдан аспайтын тұрғын-үйді жалдау, тәуліктік шығындардан басқа, құны жатады.23. Ереженің 32-тармағына сәйкес сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу технологиялық процестерді жетілдіру және осы Ереженің 40-тармағына сәйкес өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында мамандарды тартуды көздейді.

24. Сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік практикаларды енгізу кезінде кәсіпорын шеккен шығындарды өтеу, өтелетін кезең ішінде еңбек шартына сәйкес жұмыстарын және қызметтерді көрсету жеріне және тұратын жеріне қайту үшін жол ақысын төлеуді көздейді және сарапшының тұруына арналған шығындар, тәуліктік шығындар кірмейді.

25. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінішдері қарауға жіберіледі:

Тізбеде көрсетілген экономиканың басым секторларында қызметін кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыратын.

26. Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау үшін өтініш беруші мына критерийлерге сәйкес келетін орындаушыны тартады:

1) білім беру және ғылыми ұйымдар үшін:

кемінде 2 (екі) жыл қызмет ету немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға мемлекеттік органдар беретін тиісті рұқсаттың болуы;

қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті);

2) тағылымдаманы және/немесе оқытуды ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін:



қызметін кемінде 2 (екі) жыл жүзеге асыратын;

көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 2 (екі) жұмысының болуы;


қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті);

3) базасында тағылымдама өткізілген ғылыми-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін:

қызметін кемінде 5 (бес) жыл жүзеге асыратын;

қызмет көрсету кезінде тартылатын, жоғары білімі мен көрсетілетін қызметтер саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар штаттық және/немесе штаттан тыс маманының болуы (біреуі жеткілікті).

27. Сарапшыларды тарту арқылы үздік тәжірибелерді енгізу үшін өтініш беруші тартатын орындаушының жоғары білімі мен көрсетілетін қызмет саласында 3 (үш) жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек, немесе техникалық және кәсіби білімі мен қызмет көрсету саласында 5 (бес) жылдан кем емес еңбек өтілі болуы керек.

28. Осы Кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлауға және/немесе қайта даярлауға жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлға:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

заңды тұлға:

жарғы көшірмесі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама көшірмелері;

2) өтініш берушінің инженерлік-техникалық персонал кадрларын және/немесе топ-менеджерлерін даярлауға және/немесе қайта даярлауға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;

3) өтініш беруші мен кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

4) жалпы сомаға (іссапар шығындарынан басқа) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер актісінің көшірмесі;

5) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына шот-фактураның көшірмесі;

6) кадрларды, соның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырмалардың көшірмелері;

7) жұмыскер алған білімі мен дағдылардын кәсіпорында қолдану міндеттемелері көрсетілген жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған келісішарттың көшірмесі;

8) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

9) өтініш берген жұмыскердің курстарда, семинарларда оқығанын, тағлымдамадан өткенін құжаттамалық растауды – сертификат көшірмесі (бар болса);

10) темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың «Турист» және «Бизнес» сыныпты купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, экономикалық сынып тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір мәрте іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қатынас көлігін беретін жағдайлардан басқа); жол жүру билеттері мен қонақүйден орын броньдау, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде мұндай шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде, пойыздарда төсек-орын жабдығын пайдалану құнын растайтын құжаттың көшірмесі;

11) жұмыскердің, оның ішінде топ-менеджерлердің 1 (бір) айдан аспайтын курстарда, семинарларда оқытуда және 3 (үш) айдан аспайтын тағылымдамада даярлау немесе қайта даярлау мерзімі кезіндегі тұрғын үйді жалдау құны нөмірдің бағасы стандарт классификациясымен нақты шығындар бойынша, оның ішінде тәуліктік шығындардан басқа брондау шығындары дәлелденген құжат көшірмелері;

12) Қағидалардың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес, орындаушыда, қызмет көрсету кезінде тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманының, көрсетілетін қызмет саласында жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын мәліметтер;

13) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе тартылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаны (филиалды, өкілдігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе тартылатын орындаушының жеке кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы тартылған орындаушы жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі немесе жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға орындаушыға мемлекеттік органдар беретін рұқсаттың көшірмесі;

14) тағылымдаманы ұйымдастыратын мамандандырылған ұйымдар үшін – орындаушымен көрсетілген ұқсас қызметтердің, орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша ұсыныстар және/немесе пікірлер және/немесе кемінде 2 (екі) акті көшірмелері;

15) Осы Қағиданың 26-тармағына сәйкес қызмет көрсету үшін тартылатын штаттық және/немесе штаттан тыс маманның біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көшірмелері.

Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, осы тармақтың 5) және 13)-тармақшаларында көрсетілген құжаттардың орнына осындай заңды тұлға қызмет көрсетуін және/немесе тіркеуін растайтын құжаттарды ұсынады.

29. Сарапшыларды тарту арқылы үздік өндірістік практикаларды енгізуге жұмсалған шығындардың өтеуін алудан үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес құрал алуға өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлғалар:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы өтініш беруші жіберген рұқсаттың және хабарламаның мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірмесі;

заңды тұлғалар:

жарғы көшірмесі;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған) немесе заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама көшірмесі;

2) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша қызметтер көрсететін орындаушы арасында жасалған шарттың көшірмесі;

3) үздік өндірістік практикаларды енгізу бойынша білікті шетелдік сарапшының көрсеткен қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын заңды тәртіпте бекітіліп рәсімделген құжаттар, оның ішінде есеп айырысу-төлем тізімдемелерінің көшірмелері;

4) экономикалық класс тарифтері бойынша – қызметтер көрсету орнына және кері қарай тұратын орнына бір рет әуе көлігімен жол жүруінің құнын растайтын құжаттар көшірмелері; егер осы шығындарды растайтын құжаттар бар болған кезде іссапарға бару және тұрақты жұмыс орнына қайту кезіндегі жолақы билеттерін броньдау, сонымен қатар поездарда төсек-жабдықтарын пайдалану құны;

5) білікті шетелдік мамандарда тиісті салада жоғары немесе техникалық және кәсіби білімінің және тиісті салада жұмыс тәжірибесінің бар екендігін растайтын, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанға сәйкес, мәліметтер;

6) өтініш берушінің бланкісінде (бар болса) еркін нысанда жазылған, бірінші басшының қолы немесе бірінші басшының міндеттерін атқарушы тұлғаның қолы бар (бұл жағдайда бірінші басшының міндеттерін уақытша атқарылуын растайтын құжат қосыла беріледі) орындаушының көрсеткен қызметтерінің нәтижелері бойынша есебі;

7) тартылатын шетелдік маманның біліктілігін және осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар көшірмелері.

Орындаушының қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш беруші есебі жұмсалған шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттігі, қызмет көрсетудің негізі (келісімшарт деректемелері, орындаушының атауы), жасалған келісімшарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, және құралды іске асырудан алынған (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

30. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

31. Құралдарды алуға өтініш материалдары бір папкада қалыптастырылады, парақтары нөмірленеді және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде рәсімделеді, құжат көшірмелері парақ бойынша өтініш берушінің бірінші басшымен немесе оның орнын басушының (бірінші басшының орнын басушы қол қойған кезде, сенімхатты қоса тіркеу керек) және/немесе ол уәкілеттендірген тұлғаның қол қоюымен және мөр таңбасымен (бар болса) куәландырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет