Еңбек қОРҒау охрана труда



жүктеу 96.49 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі96.49 Kb.






ЕҢБЕК ҚОРҒАУ






ОХРАНА ТРУДА








ӘОЖ 504.056.614.841(574)
ЖШС «АМАНГЕЛДІ ГАЗ» КӘСІПОРНЫНДАҒЫ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Техн.ғыл.канд Д.Ділдәбек


Бұл мақалада ЖШС «Амангелді Газ» нысанындағы еңбек қауіпсіз-дік шаралары көрсетілген. Өрт-жарылыс қаупіне байланысты есептер жүргізіліп, нысандағы қауіпті аймақтар белгіленген.

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуында мұнай және газ өнер-кәсібінің үлесі өте зор, қазірдің өзінде республика бюджетінің 30 %-і осы саладағы кірістер құрайды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Амангелді кен орны да жатады.

«Амангелді Газ» кен орны Жамбыл облысының шөлді, ауа-райының жазы - ыстық, қысы - қара суық, суы тапшы Мойынқұм ауданының құмды аумағында орна-ласқан. Мойынқұм құмдарына шекаралас Талас және Сарысу аудандары аумағында фосфор кен орындарын игеру, оның шикізаттарын өндіру жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсер етуде, оған қоса «Амангелді» газ кен орындарында бұрғылау, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, жинақтау, дайындау, өңдеу және тасымалдаудың техно-логиялық үрдістерінің экологиялық қауіптілігі арта түсуде. «Амангелді Газ» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістерінің қоршаған ортаны ластануына басқа техно-логиялық нысандармен салыстырғанда алаулы шырақ қондырғысынан шығарылатын зиянды заттардың әсер етуі өте жоғары деңгейде.

Амангелді кен орнында газ бен конденсатты алу бойынша өндірудің негізгі сипаттамасы 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1

Өндірілген өнім көлемі


Өнім

аты


Өлшем

бірлігі


2007

2008

2009

2010

2011 ж.

басы


Пайдаланудың басынан

Табиғи

Газ


млн.

тек.м


20,307

187,

628


300,

015


279,

759


154,

014


941,722

Конденсат

тонна

2967,8

196

79,9


283

50,9


246

69,8


132

53,9


88922,3

Газ құбырында негізгі қауіптер өрт және жарылыс туындады. Өндірістегі қауіптіліктерді талдау кезінде негізінен газ құбырында саңылау пайда болған жағ-дайда газдың ауаға шығып, жинақталғаннан пайда болған өрт-жарылыс қауіпті бұлттың болу нәтижесі. Болуы мүмкін газ шығуды талдау төменде келтірілген /2/.

Газ құбырындағы пісірілген тігістің түйіскен жерінде ені 2-4 мм саңылау пай-да болды. Газ құбырының диаметрі 500 мм, газдың құбырдағы жиберілу жылдам-дығы 56200 м³/сағ немесе 15,6 м³/сек. Үзілген жердің ауданын – 0,0063 м² деп аламыз. Қоршаған ортаға лақтырылған табиғи газдың саны:
15,6 / 0,196 * 0,0063 * 600 = 300,9 м²
Мұндағы : 0,196 - газ құбырының қима ауданы, м²

600 - құбырға газдың жіберілуін қолдап кесіп тастауға кететін уақыт, с

Жарылыс өрт қауіпті бұлт пайда болды. Пайда болған бұлттағы метанның шоғырлануы 100 г/ м³ - ке тең деп аламыз.

Бұлт тұтанып, жарылыс қаупі пайда болды.

Есептер Ресейдің Госгортехнадзор өндірістегі қаіпсіздік бойынша Ғылыми-техникалық орталық пен ИХФ РАН мамандарымен бірлесіп жасалған әдістемесімен орындалған.

Есептің негізгі алгоритмдік элемменттерінің құрылымы бұл:

- бұлттағы жаңғыш заттың салмағын анықтау;

- ұшпалы-жанармай қоспасының (ҰЖҚ) тиімді қуат қорын анықтау;

- ҰЖҚ-ның жарылыс қаупі бар қоспаға айналу түрін анықтау (детонациялық, дефлаграциялық);

- әр түрлi тәртiптер үшiн жарылыстың максимал артық қысымы және әуе толқын-дар фазасының импульсiн есептеу;

- ҰЖҚ-ның жарылыс кезіндегі зақымдау әсерін бағалау.

Жанармай түрі – метан.

Есептеуге қажетті бастапқы деректер:

- жанармай түрі – табиғи газ (метан);

- қоспаның агрегаттық күйі – газды;

- бұлт құрамындағы жанармай салмағы М = 180,5 кг

- жанармайдың меншікті жану жылулығы q = 50,1 * 106 Дж/кг

- тринитротолуол жарылысының меншікті энергиясы 4,5 * 103 кДж/кг

ҰЖҚ-ның тиімді қорын анықтау.

Сr > Cст болғандықтан
Е = 2Mrqr = 2 * 180.5 * 50.1 * 106 = 1.81 * 10 ¹º
Күтілетін тәртіптің жарылысқа айналуын анықтау.

Заттың сезгіштік дәрежесі бойынша жанармайды топтастыру.

Метан экспорттық кесте бойынша 4 қауіп-қатердің классына жатады (нашар сезгіш заттар).

Қоршаған ортаны классификациялау.

Қойманың қоршаған кеңістігі орташа-үйіп тасталған кеңістіктің - 3 түріне жатады.

Жарылысқа айналуына күтілетін тәртіптің классификация.

Жарылысқа айналуын күтілетін тәртіп экспорттық кесте бойынша дефлагра-циялық жанудың 5 диапазонына жатады. Жалындап жанудың майдан жылдамдығы (Vr):

Vr = kıMr / 6 = 43 * 180,51/6 = 102 м/с;


ҰЖҚ агрегаттық күйі бойынша газды фазаға жатады.

Әр түрлi тәртiптер үшiн жарылыстың максимал артық қысымы және әуе толқындар фазасының импульсiн есептеу.

Болуы мүмкін жарылысқа айналатын тәртіптің түрін анықтағаннан кейін әуе толқындар соққысының негізгі параметрлерін есептейміз (артық қысы ΔР, және толқын қысымының импульсі І берілген қашықтық үшін R, 70 м-ге тең деп аламыз себебі, жақын цехқа дейіңгі қашықтық 80 м-ді құрайды).

R٫ өлшемсiз қашықтықты алдын ала анықтаймыз, байланыс бойынша:


R٫ = R / (E / Po)1/3 = 70 / (1,81 * 10 ¹º / 101324 )1/3 = 1, 24;
мұндағы: Ро - атмосфералық қысым, Па.

Жану жылдамдығы 102 м/с кезіндегі жарылыстың параметрлерін есептеиміз. Артық қысым өлшемі мен импульс оң фазасының шамаларына әсер ететін параметрлеріне жалынның көрінетін фронт жылдамдығы (Vr) мен жаңғыш заттардың кеңею дәрежесі (σ) қосылады. Газды қоспалар үшін σ = 7 деп қабылданады.

Рx1 және Ix1 өлшемсіз қашықтықты анықтаймыз, байланыс бойынша:

Рх1 = (Vr/Co)²*{(σ-1)/σ}*(0,83/Rx-0,14/Rx²)=(102/340)²*(7-1)/7*(0,83/1,24-0,14/1,24²)=0,04;

Ix1 = (Vr/Co)*{(σ-1)/σ}*{1-0,4(σ-1) Vr/ σ*Co}*(0,06/Rx+0,01/Rx²-0,0025/Rx³)= (102/340)**(7-1)/7*(1-0,4*102*(7-1)/(7*340))*(0,06/1,24+0,01/1,24²-0,0025/1,24³)= 0,23;

мұндағы: дыбыс жылдамдығы Со=340 м/с тең.

Газды ҰЖҚ-ның детонациялық тәртібіне сай Рх2 және Іх2 шамаларын анықтаймыз:

Px2 = exp(-1,124-1,66 In (Rx) +0,26 (In(Rx))²) ± 10%;

Ix2 = exp(-3,4217 -0,898 In (Rx) -0,0096 (In(Rx))²) ± 15%;

Px2 = 0,23 ± 10%;

Ix2 = 0,03 ± 15%;

Рх және Іх ақырғы мәндері келесі шарттардан таңдалынады:

Рx = min (Px1;Px2) = (0,04; 0,23) = 0,04;

Ix = min (Ix1;Ix2) = (0,23; 0,03) = 0,03.

Қысым мен қысу фаза импульсінің шамаларын келесі қатынастармен өрнектейді:

ΔР = Px * Po = 0,04 * 101330 = 4,05 * 10³ Па;

ΔІ = Ix * (Po)2/3 * E1/3/Co = 0,03*(101330)2/3 *(1,81 * 10¹º)1/3/340 = 503,5 Па * с.

Қирату әсерін бағалау.

Әуе-булы бұлтының жарылыс кезіндегі соққы толқының ұзақтылығы мен жарылыс импульс қиратушы факторлары маңызды рөл атқарады. Pr1 пробит-функциясы қирату фактор әсерінің зақымдау деңгейін көрсетеді.

ҰЖҚ бұлтының жарылыс кезіндегі өндіріс ғимараттарының зақымдану мүмкіндігін бағалау.

Өнеркәсіп ғимарат қабырғаларын бұзусыз қайта қалпына келтіру мүмкіндігін анықтау келесі теңдеу бойынша:

Pr1 = 5 – 0,26 In V1

Қауіптілік факторы V1 толқында қысым айырымы мен статикалық қысым импульсін есепке алуымен келесі байланыс бойынша бағаланады:

V1 = (17500 / ΔР) * 8,4 + (290 / I)9,3;

V1 = 36,6;

Pr1 = 4,06.

Өндіріс ғимараттарына зақым тиген әсерінен бұзуды қажет ететінді келесі формуламен анықтайды:

Pr2 = 5 – 0,22 ln V2;

V2 = (40 000 / ΔР) * 7,4 + (460 / I)*I1 ;

V2 = 73,45

Pr2 = 4,05

ҰЖҚ бұлтының жарылыс кезіндегі адамдарға тиетін зақымды бағалау.

ҰЖҚ бұлтының жарылыс кезіндегі соққы толқынының аймағына түскен адамдардың өз-өзін басқарылуын ұзақ жоғалтуын (нокаут жағдайы) пробит-функция Рr шамасымен бағаланады, анықталады:

Pr = 5 – 5,74 ln V3

V = 4,2 / p + 1,3 / i

Қысым р мен импульс і өлшемсіз шамалары келесі өрнектермен менменседі:

p = 1 + ΔР / Po

i = I / (Po1/2 * m1/3)

мұндағы: m - тірі адам салмағы, 80 кг.

p = 1,04


i = 0,37

V= 7,55


Ргз = - 6,6

Адамдардың құлақ жарғағының жарылу мүмкіндігі:

Pr4 = - 12,6 + 1,524 ln ΔР

Pr4 = 0,06

Адамдарды толқын қысымымен лақтыру мүмкіндігі Pr5 пробит-функциясымен анықталады:

Pr5 = 5 – 2,44 ln V5

V5 = 7,38 * 103 / ΔР + 1,3 * 109 / (ΔР * I)

V5 = 639,3

Pr5 = - 10,7.

Апат тәртібін пробит-функцияның экспорттық таблица шамаларымен анық-таймыз:

- өндіріс ғимарат қабырғаларының зақымдану мүмкіндігі - 17 %;

- өндіріс ғимаратының жойылу мүмкіндігі - 15 %;

- адамдардың өзін-өзі басқаруды ұзақ жоғалту мумкіндігі - 0 %;

- құлақ жарғағының жарылуы - 1 % төмен;

- адамдарды соққы толқынымен лақтырылу мүмкіндігі - 0 %.

Зақымдану ошағының радиусын бағалау.

ҰЖҚ жарылу нәтижесінде болатын, инженерлік есептеурдің мәніне жақын зақымдану ошағының радиусын келесі формуламен анықтайды:

R = K * W1/3 /(1 + (3180 / W2))1/6;

мұндағы: К - ΔР артық қысымдағы зақымдану дәрежесі мен экспорттық кестеге байланысты коэфиценті анықталады.

W - тротилды жарылыс эквиваленті, анықталады:

W = (0,4 / 0,9) * (Mr * qr) / 4,5 * 106

мұндағы: qr - газдың жану жылулығы (бұл жоғарыда анықталған шама және 50,1*106 Дж/кг), осыдан:

W = (0,4 / 0,9) * 180,5 * 50,1 * 106 / 4,5 * 106 = 893 кг

R = K * 8931/3 / (1 + (3180 / 8932)) 1/6 = K * 9,56 м. Осыдан экспорттық кесте бойынша зақымдану ошағының радиустарын анықтаймыз:

- адамның қаза болу радиусы - 36 м;

- ғимараттарды бұзуға әкелетін ауыр зардаптар шегі - 53,5 м;

- ғимараттарды қайта қалпына келтіруге болатын орташа зардап радиусы - 92 м;

- терезелер мен жеңіл лақтырылатын конструкциялардың зардап шегу аймағы - 268

м;

- терезелердің бөлшектеп сынуы - 535 м.



Жарылыстан соң болатын апат зардаптары - жақын орналасқан ғимараттардың (цех №4) бөлшектеп бұзылуы, оларды қайта қалпына келтірілуі мүмкіндігімен бола алады. Толық зардап шегу аймағы 36 м радиуста болады. Зардап шегушілер саны қатты қирау аймағындағы адамдар санына байланысты. Апат осылай өрши берген жағдайда, екінші газ құбырының апатқа ұшырау мүмкіндігі өте жоғары. Сол үшін, газ құбырында пайда болған саңылау нәтижесінде туындаған апат толығымен колға алынғанға дейін екінші құбырыға газ келуін тоқтатқан дұрыс.

Зардаптың мүмкін шамасын бағалау.

Қаралған апаттың нәтижесі бола алады:

- 36 м радиуста газ құбырының бұзылуы, қайта қалпына келтіруі мүмкіндігімен. Осы аймақтағы екінші газ құбырының да бөлшектеп зардап шегу мүмкіндігі жоғары.

- ғимараттар мен нысандардың қирауы мүмкін емес (олардың зардапқа ұшырау мүмкіндігін бағаланғанға қарамастан) себебі, ең жақын нысанға дейін қашықтық 80 м құрайды. Жалпы зардап шегу әр түрлі бұзылу дәрежесінің ошағы 535 м құрайды /5/.

Қорытындылай келсек, ЖШС «Амангелді Газ» нысанында өрт-жарылыс қауіпсіздік шаралары барлық стандарттар мен нормаларға сай жасалған. Нысанның өзінде жеке өрт сөндіру құрамы бар. Өрт сөндіруге арналған су қоры жер астындағы цистерналарда орналасқан.


Әдебиет


  1. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө. Ш. Оценка экологического состояния региона место-рождения Амангельды// ТарМУ хабаршысы №4(28). «Экологияның өзекті мәсе-лелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Тараз, 2007, 30 қараша-1 желтоқсан. 68-71 б.

  2. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Бакиров Р.Б. Количественная и качественная оцен-ка максимального выброса загрязняющих веществ в окружающую природную среду региона Амангельдинского месторождения// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №1(25), 46-56 б.

  3. Авторский надзор за реализацией проекта опытно-промышленной эксплуатации месторождения Амангельды,2005 г.

  4. Нұрбекова.К.С.,Газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен пайдалану, Алматы, 2006 ж.

  5. Панов Г.Е. "Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторожде-ний" Москва, Недра 1982 г.

Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати, Тараз



МЕРЫ ПО БЕЗОПАСНОСТИ ТРУДА

НА ПРЕДПРИЯТИИ ТОО «АМАНГЕЛДІ ГАЗ»
Канд.техн.наук Д.Ділдәбек

В этой статье показаны меры безопасности труда на объекте "Амангелді Газ". Сделаны расчеты по пожарно-взрывной угрозе и отмечены опасные места на объекте.



MEASURES ON SAFETY OF WORK

AT OPEN COMPANY ENTERPRISE «AMANGELD GAS»
Cand.tech.sci. D.Dyldabek
In this article work security measures on object of Open Company "Amangeld_ Gas" are shown. Calculations on fire-explosive threat are made and dangerous places on object are noted.






Каталог: rus -> all.doc -> Vest11 -> 4-2011
4-2011 -> Өсімдік майларын шығаратын «Шымкентмай» Ақ-ның Ақаба суларын тазалаудың технологиялық схемалары және модельдері
4-2011 -> Өсімдіктердің днқ полиморфизмін зерттеуде молекулалық маркерлердің Қолданылуы
4-2011 -> Жол,ҚҰрылыс және көтергіш-көлік
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың тиімділігі жұмабеков Ә.Ә., а ш.ғ. д., профессор Қадрешев Е. Ж., магистр Маликтай ұлы М., магистр
4-2011 -> Тауарлардың сапасын бағалау теориясын қарастыру
4-2011 -> Ақаба суларды тазалаудың техникалық құрылымдарын жетілдіру
4-2011 -> НарықТЫҚ экономикадағы халықТЫҢ Қаржыгерлік психология процестері және іс-әрекеттері
4-2011 -> Қазақстан республикасында қоршаған табиғи ортаға келтірілген экологиялық зиянның орнын анықтау мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет