Әдеби-сазды кешті ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасов «Қазақ сатирасы туралы сөз» деген тақырыпта ашып бермек. Содан кейін ғалымдар С. Негимов «Шона Смаханұлы қайраткер, қаламгер», Т



жүктеу 13.91 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі13.91 Kb.


Еуразия ұлттық университеті

Баспасөз қызметі

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)


Ақпараттық хабарлама
2014 жылы 1 сәуір, сағат 16.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің жаңа оқу-зертханалық ғимаратында (Абай дәрісханасы 321) Мағжан Жұмабаев атындағы Әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «ӘЗІЛ ӘЛЕМІ: ҚАЗАҚ ҚАЛЖЫҢЫ ЖӘНЕ САТИРА СИПАТЫ» деген тақырыпта әдеби-сазды кеш өтеді. Күлкі күніне орайластырылған шара сықақшы Оспанхан Әубәкіровтің туылғанына 80 жыл және Шона Смаханұлының 90 жылдығына арналғалы отыр.

Әдеби-сазды кешті ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасов «Қазақ сатирасы туралы сөз» деген тақырыпта ашып бермек. Содан кейін ғалымдар С. Негимов «Шона Смаханұлы – қайраткер, қаламгер», Т.Мәмесейітов «Қазақ әдебиетіндегі сатиралық туындылар: көркемдігі мен стильдік құбылыстары», Р.Тұрысбек «Ш.Смаханұлының шығармашылық мұрасы», А.Әлтай «О.Әубәкіров және әзіл-қалжыңның табиғаты мен тарихы», Ж.Мәмбетов «БАҚ және қазіргі сатираның даму бағыттары», А. Үсен «Қазақ сатирасындағы көркемдік-эстетикалық сипаттар: мәні мен сыры» тақырыбында ой қозғайды. Бір айта кетері, мұндай шарадан сықақшылар да шет қалып отырған жоқ: Берік Садыр «Оспанхан Әубәкіров және қазақ қалжыңы» туралы әңгімелесе, Балапан Базар «Әзіл әлемі: тарихы мен тағылымына» тоқталмақ.

Күлкі күніне орайластырылған әдеби-сазды кеште сықақшылардың туындылары орындалып, студенттер әзіл әннен шашу шашады деп күтілуде.

Келіңіздер, көріңіздер! Күлкі күні бірге күлейік!


Өткізу орны: Мирзоян көшесі 2, Еуразия ұлттық университеті,

оқу - зертханалық ғимараты, 321 дәрісхана



Өткізу күні: 2014 жыл 1 сәуір,сағат 16:00

+7 (7172) 709 -54



+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ләйлә Рахманова




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет