Әдебиеттік оқу 2 сынып



жүктеу 28.65 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі28.65 Kb.
түріСабақ

Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Ата-әжеме хат»

Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсарин «Ата-әжеме хат» мәтінін түсініп оқуға баулу.

Күтілетін нәтиже: мәтінді түсініп оқиды;

хат жазу дағдылары дамиды;

байланыс сөйлеу дағдыларын, жазба тілін арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Үлкенгеде сіз, кішігеде сіз.

Үлкендерді құрметтеп, бас иеміз біз.



Топтық жұмыстың ережесімен таныстыру: тыныштық сақтау, бір-бірін тыңдау, сөздерін бөлмеу.

Бағалау критериясы:

өте жақсы дайындалған: қызыл түс «5» баға

белсенділігі жақсы: жасыл түс «4» баға

белсенділігі төмен, нашар: сары «3» баға.

Бағдаршам арқылы бағалау: оқушылардың алдына үш түрлі түстегі дөңгелектер таратылады, қызыл-өте жақсы, көк-жақсы, сары-қанағат.



ІІ. Үй тапсырмасы (Туыстық атауларды айтқызу)

Жақан Сымақов “Апаның тілін алса егер» өлеңін оқыту, әр топтан туыстық атауларға байланысты үйден жаттап келген тақпақтар, мақал-мәтелдер сұрау.

5-тапсырма бойынша Ж.Смақовтың Апаның тілін алса егер... өлеңінен не түйдің, не ұқаны туралы сұрау. (Бағдаршам бойынша бағалап алу, әр топты).

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушылардан Ы.Алтынсарин туралы өз білетіндерін сұрау, тақпақтарын айтқызу.

Слайд көрсету арқылы Ы.Алтынсарин туралы айту.

Жұмбақ (хат туралы оқушылардың ойын сұрау. Хатты не үшін жазамыз?)

Болжау. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?

Ендеше балалар біз бүгін Ы.Алтынсариннің «Ата-әжеме хат» мәтінімен танысамыз. (күн жаздыру) Өзім бір оқып беремін. Оқушыларға іштей 2 минут беріп оқытамын.

Азат жол деген не - кара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңгы жолын түтас катардан сәл шегіндіріп бастау. Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Тиянақты бір ойды білдіреді. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.
Оқулықпен жұмыс.

-Енді балалар осы мәтінді бөліктерге бөліп оқиық.

-Әр бөлікті оқыған соң ат қоямыз (әр топтың балаларына әр бөліктіегі сөйлемдерді бір-бірден оқыту).

Дәптермен жұмыс. Қойған аттарын дәптерге жаздыру.

Сергіту сәті.

Хат үлгісі бойынша хат жазу (слайд арқылы көрсету)

әр топқа осы үлгі бойынша хат жаздыру

І-топ хаттың басталуы

ІІ-топ өзің туралы

ІІІ-топ досың туралы

IV-топ хаттың аяқталуы

(Бағдаршам арқылы бағалау)

Деңгейлік тапсырма(А, В, С оқушыларға беру).

А-сабақтарға қатысып отырады.

В-апасы туралы сұрау

С-оқулықтағы жоспарды қағазға жазып әкеліп ретімен койдыру.



ІV.Бекіту (Шеңбер құру арқылы: оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу арқылы зерттеу әңгіме жүргізу)

1. Ы.Алтынсарин кім?

2. Қандай мәтінімен таныстық?

3. Хат жазып отырған кім?

4. Ол хат кімдерге арналған?

5. Бүгін сабақта не үйрендік?

6.Кімдерге хат жаздық?



  1. Қазіргі кезде алыстағы туысқандармен қалай байланыс жасаймыз?

(смайликтер арқылы бүгінгі сабақты бағалау). (оқушыларға стикер таратып беру арқылы).

V. Қорытындылау.

Қазіргі заманда алыстағы туыстармен ұялы телефон арқылы, агент, ватсап арқылы байланыс жасаймыз дедік, бірақ балалар хат жазу керек өйткені, хат жазу арқылы біздің сауатымыз, тілдік қорымыз дамиды екен.

Жүректен жүрекке (-бәріміз қол ұстасып, шеңбер жасап тұра қалайық та жақын туыстарымызға арнап тілектер айтайық. өзім бастап беремін.).

VІ. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқуға

VІІ. Бағалау.

Хаттың басталуы.

Назардың оқуы.

Назарға айтқан атасының ақылы.



Хаттың аяқталуы.
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет