Әдебиеттік оқу



жүктеу 58.74 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі58.74 Kb.
түріСабақ






Сабақтың тақырыбы: « ШЕШЕНІҢ БАЛАЛАРДЫ С Ү Ю І »
Сабақтың  мақсаты:
1.Білімділігі: М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша

тоқталып, «Шешенің балаларды сүюі» өлеңімен

таныстыру. 

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеуін дамыту,шығармашылыққа

өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан-ананы сүюге,

қадірлеуге,қастерлей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Оқыту,сұрақ-жауап,талдау, топпен жұмыс,


Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі , музыка. 


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызба, тірек-сызбалар, М.Дулатовтың

портреті ,маркер,ана суреті,. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. 
II.Психологиялық дайындық.

Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
III Өткен сабақты қайталау.

Өткен тарауларды қорытындылау.



Тест
1.Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

А) Қара қасқа Ә) Тайбурыл Б) Тарлан



2. Абылай хан қай жылы дүние салды?

А) 1745 ж Б) 1774 ж

Ә) 1781 ж В) 1730 ж
3. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі қай жазушынікі?

А) Ы.Алтынсарин Б) С.Көбеев

Ә) А.Байтұрсынұлы В) А. Құнанбаев
4. Әсірелеу - деген не?

А) Батырлар жыры

Ә) Бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейту.

Б) Елімізді сыртқы жаудан қорғап қалған батырлар туралы жыр үлгісі.



5. С.Бегалин « Қырдың жас түлегі» әңгімесін кімге арнап жазған?

А) Абайға Б) Шоқанға

Ә) Ахметке В) Ыбырайға
6. Халық ауыз әдебиеті деген не?

А) Халық арасында ауызша шығарылып,ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар.

Ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейту.

Б) Халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
7. Домбауылмен шайқасқан батыр кім ?

А) Алпамыс батыр Ә) Ер Тарғын Б) Бөген батыр



8. Ертегінің түрлері қандай?

А) Қасқырлар ,түлкілер туралы.

Ә) Кемпір мен шал туралы.

Б) Шыншыл, қиял – ғажайып, және жануарлар туралы.
9. Теңеу - деген не?

А) Өмірде болған адамның басынан өткен оқиғалар.

Ә) Оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту.

Б) Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.



10. Халық ауыз әдебиетінің түрлері.

А) Ертегі, аңыз, батырлар жыры, айтыс,

Ә) Өлең, жаңылтпаш, шығарма.

Б) Айтыс, ертегі, әңгімелер, прозалар.
11. « Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім.Жуандығы тап өзінің астындағы қазыдай ...».Бұл қай шығармадан алынған.

А) Ғажайып бақ

Ә) Жусан иісі

Б) Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай.
Жауап кілті:

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Жауап

ә

ә

в

ә

б

а

ә

б

б

а

б















IV. Жаңа сабаққа даярлық

Бейнебаян


V. Топқа бөліну сөз қиындыларынан мақалдар құрастыру арқылы

1-топ “ Білім» тобы

2-топ «Достық» тобы

3-топ « Ақыл» тобы
Топ жетекшісін сайлау.

Топ жетекшісіне бағалау парағын беру.

Ережеге бағыну.



VI . Жаңа сабақ.


  • Бүгінгі сабағымыз ана тақырыбына байланысты М.Дулатовтың « Шешенің балаларын сүюі» деп аталатын өлеңімен танысамыз.

  • Автор туралы мағұлмат беру



VII. Мәтінмен жұмыс.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Өлең кім туралы? /бала үшін өмірдегі ардақты жан - ана туралы жазылған.


VIII.Сөздік жұмыс.

Көз жасын көлдету - қатты жылау.


IX. Топпен жұмыс.

1-топ . Өлеңді мәнерлеп оқу.

2-топ. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

3-топ . Аналардың қандай болғанын қалайсыңдар?


X.Сергіту сәті.

« Ақ мамам» әні
XI .Топтық жұмыс. 1-топ. Ана туралы мақал айтады.

2-топ .Ана туралы эссе жазады.

3-топ Ана туралы өлең құрастыру.

XII.Ой толғаныс. Бес жолды өлең « Ана».
Зат есім

Сын есім

Сан есім

Сөйлемдер

XIII. Сабақты қорыту.

Әр топқа плакат беремін. Олар оған бір оқушының қолының суретін салады.Сол суретке өздерінің аналарына деген жылы лебіздерін жазады.Тақтаға шығып қорғайды.
XIV. Үйге тапсырма.

1) М.Дулатовтың « Шешенің балаларын сүюі « өлеңін жаттау.

2) «Менің аяулы анам» тақырыбында шағын шығарма жазу.




XV. Бағалау.

Топ басшылары өз тобындағы оқушылардың сабаққа қалай қатысқанын айтып бағалайды.
XVI. Кері байланыс


Жауап

ә

ә

в

ә

б

а

ә

б

б

а

б












Ереже
1.Мұғалімге бағыну

2.Топ мүшелері бір-бірін тыңдау

3.Берілген уақытқа бағыну

4.Нақты сөйлеу

5.Зейін қойып тыңдау



6.Жақсы пікірлерді қол соғып қошеметтеу

7.Ортақ пікірге келу

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет