Әдеппен сөйлеп әдеттен



жүктеу 45.39 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі45.39 Kb.

Әдеппен сөйлеп әдеттен
Сәлемдесу - әдептіліктің бастауы.

Халық даналығы
Мақсаты: Әдептіліктің адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:

  • әдептілік, ізеттілік, сыпайылық тағы басқа адами қасиеттерді түсіндіру;

  • әдептілікке, достыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.


Көрнекті құралдар: суреттер, мақал – мәтелдер, мультимедиялық тақта, үнтаспа, магнитофон.

Сабақтың барысы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Көңіл- күйлерің жақсы ма?
Ал ендеше, әдеттегідей шаттық шеңберіне тұрайықшы.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.
Сәлеметсіз бе, алтын күн,

Сәлеметсің бе, Жер-ана

Сәлеметсіз бе, достарым!

Балалар, тіршілік оянудан басталады. Таңертең оянған әдепті адам қуанады. Жақындарымен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Сәлемдескеннің өзінде әдеппен сөйлеп, әдеттенуіміз керек. Ендеше балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Әдеппен сөйлеп әдеттен”.


Слайд 1. Шілденің оны.

Әдеппен сөйлеп әдеттен.

Сәлемдесу - әдептіліктің бастауы

халық даналығы

Әңгімелесу.

Сұрақтар:



  1. Балалар, сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер? (дауыстап сәлем беру, қол алысып амандасу, иіліп сәлем беру, алыстан қол көтеріп сәлемдесу, қас- қабақпен, ыммен, іс- әрекеттермен, қимыл тағы басқа)

  2. Амандасу үшін қандай сөздер айтылады (сәлеметсіз бе, қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш, кеш жарық, аман – саусыз ба, аман есенсіз бе, сәлем)

  3. Сәлем деп кімдерге айтқан жөн? (құрбыларға, құрдастарға)

  4. Кім бірінші амандасады? (үлкендерге кішілер сәлем береді)

  5. Қол беріп амандасу кімге тән? (ер адамдарға, үлкен кісіге). Қол беріп амандасқанда қолғапты шешу керек.

  6. Алыста кетіп бара жатқан адамдарға қалай амандасу керек, айқайлауға бола ма? (ол сені көрсе басыңды иіп амандас, айқайлауға болмайды)


Дәйексөз.
Тақтадағы “Сәлемдесу - әдептілік бастауы” халық даналығын дәйексөз ретінде түсіндіреді:

  • амандасу кездескен адамдардың бір- біріне амандық тілеуі, бір- бірінің қал- жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл- күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер әдепті бала деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап- ақ олардың әдептілігін байқауға болады. Сондықтан да халық даналығында “Сәлемдесу- әдептілік бастауы” деп тегін айтпаған.


Сергіту сәті.
Бойыңды сергек тік ұста

Деміңді ішке тез ал да

Емін еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада.


Шығармашылық жұмыс, өзіммен - өзім.
Слайд 2.
Оқушылар екі топқа бөлініп, сурет бойынша тапсырманы орындайды.


  1. тапсырма. Әдепті бала дегенді қалай түсінесіңдер? (үлкендерді сыйлайтын, шыншыл, ата- анасын құрметтейтін т.б.)

  2. тапсырма. Жұмыстан келген ата- аналарыңды қалай қарсы аласыңдар? (қуанышты көңілмен, қарсы алып, қолдарындағы заттарды апаруға көмектесу т.б.)

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Слайд 3.
Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

Рахмет айтып, жеу керек.
Слайд 4.
Балалар жүр көшеде

Естіледі шу айқай

Сен де шықтың көшеге

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз деу керек
Слайд 5.
Осы келген бетіңмен

Допты қудың жарысып

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді

Сәлеметсің бе ? деуді
Ал балалар, осы өлең жолдарынан сыпайы сөздерді анықтаңдар.
Слайд 6.
Рахмет, кешіріңіз, сәлеметсіз бе?
Өздерің қандай сыпайы сөздерді қосар едіңдер?
Слайд 7.

Рұқсат па?, ренжімеңіз, сыртқа шығып келуге рұқсат па, алуға бола ма?


Осы сөздерді қайда қолдануға болатынына мысал келтіріңдер.
Үй тапсырмасы.
Дәптерде берілген 1,2,4 тапсырманы орындау
Жүректен – жүрекке.
Біз бүгінгі сабақта әдепті бала болу үшінадамдармен күлімдеп амандасу, олармен сыпайы қарым – қатынас жасау, бір- бірімізді сыйлау қажеттілігін түсіндік. Егер сен бала күніңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, өз отбасыңның мақтанышы боласың.
Слайд 8.
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар


Осы мақалды қалай түсінесіңдер?
Ұлы Абай атамыз:

“Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан” – деп сендерді болашаққа, әдепті саналы өмірге шақырған.

Ал енді балалар, шеңбер жасап тұрып, әрқайсымыз әдептілікке тәрбиелейтін сөздерді сыйлайықшы.



  • әр уақытта күлімдеп, сәлемдесіп жүрейік

  • үлкендерге орын берейік

  • жол берейік

  • ата- аналарымызды сыйлап өтейік

  • кішіпейіл болайық

  • әділетті болайық

  • әдепті болайық

  • әділ жолмен жүрейік

  • бауырмал болайық

  • тіл алғыш болайық

  • үлкен- кішіні ренжітпейік

Әдепті балалар, бақытты балалар. Ал енді бәріміз қосылып “Бақытты балалық шақ “ әнін үнтаспада естілген әнге қосылып айтайық.

Ал балалар, сенде әдепті, бақытты балаларсыңдар. Әдепті бала болашақта жақсы азамат болып, аңсаған арманына жетеді. Келесі кездескенше жақсы көңіл- күйде болыңдар!
Каталог: uploads -> doc -> 053f
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет