Талдықорғанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"14 жастағы қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен TikTok-та шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды", — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерге қатысты заңсыз тергеу әдістері расталған жоқ.

"Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген.Тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", — деп мәлімдеді полиция.

Кейбір деректер бойынша, қыз қараша айында жоғалып кеткен. Анасы полицияға тек желтоқсанда жоғалғаны туралы хабар берген. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.