Единый государственный экзамен



жүктеу 56.49 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі56.49 Kb.

  • Кітапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейін талапкер қолын қояды.

  • Кітапшамен жұмысты бастамас бұрын талапкер кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаулықтың болмауын тексереді. Ақаулық болған жағдайда аудитория кезекшісіне хабарлайды.


4. Емтихан материалдарын тапсыру

  • Уәкілетті тұлға әр тестіленушіден емтихан материалдарын (жауап парағы, кітапша) жеке-жеке қабылдайды. Тестіленуші емтихан материалдарын жауап беруді аяқтауына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін орындарында отырып, тапсырады. Жауап парағының көшірмесі тестіленушінің өзінде қалады;

  • Уәкілетті тұлға түсушінің жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және кітапша мұқабасының толтырылғандығын тексергеннен кейін тестіленуші аудиториядан шығады.

Тестілеуге берілген уақыт аяқталғанда түсуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда уәкілетті тұлға акт толтырады түсушінің нәтижесі өңделмейді!

Есте сақтаңыз!!!

  • Жауап парағын бояуға жеткілікті уақыт қалдыру үшін тестілеудің уақытын дұрыс бөлу қажет.

  • Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.

  • Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;

  • Жауап парағы - тестілеу материалдарын өңдеуді жүзеге асыратын негізгі құжат, сондықтан оны қате жібермей және түзетулерсіз, мұқият толтырыңыз.

  • Жауап парағының қызметтік секторларын дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары іліну үшін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.

  • КТ кезінде:

  • Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарланады;

  • Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтау керек! Егер Сіз аудиториядағы КТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;

  • Ойыңды жинақтаңыз! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналаңыздағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға арналған шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

  • Қорықпаңыз! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

  • Тапсырманы соңына дейін оқыңыз! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

  • Тексеріңіз! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

  • Есте сақтаңыз! Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақты тапсырма бойынша Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқығыңыз бар.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық тестілеу орталығы



Кешенді тестілеу (Техникалық және кәсіптік білім беру)

ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША

ЖАДЫНАМА

2017

  1. Кешенді тестілеуі кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпарат

  • Кешенді тестілеу (КТ) кезінде келесі емтихан материалдары пайдаланылады:

  • кітапша –түсушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан құжаты;

  • жауап парағы – түсуші өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;

  • жауап парағының көшірмесі – түсуші тестілеуден кейін баллдарын өз бетінше санау үшін жауаптарын белгілейтін арнайы бланк;

  • Түсушіге тестілеу кезінде, уәкілетті тұлға ең алдымен жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін кітапшаны таратады.


Қатаң тыйым салынады!!!

  • емтихан материалдарын (жауап парақтары мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйығын қолдану, кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған секторды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлінуіне жол беруге;

  • тестілеу аяқталғанға дейін емтихан материалдарын сыртқа алып шығуға, емтихан материалдарымен алмасуға.




  1. Жауап парағын толтыру ТжКБ КТ

  • жауап парағының қызметтік секторлары – түсуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), түсушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары;





  • Жалпы бейіндік пән бойынша жауаптарға арналған секторлар – міндетті пәндер бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының секторлары (1 дұрыс жауап таңдалады);

  • Бейіндік пән бойынша жауаптарға арналған секторлар –тандау пәндері бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының секторлары;(бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалады)





  • Жауап парағы таратылғаннан кейін қызметтік секторларлар келесі тәртіппен толтырылады:

  • 1-секторда түсушінің Т.А.Ә. жазылады;

  • 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен рұқсаттамасында көрсетілген түсушінің жеке коды жазылады (бұдан-ТЖК), әр санның астындағы торкөздегі әр санның сәйкес дөңгелекшелер боялады;

  • 3 және 4-секторларда отыратын орны емтихан тапсыру кезінде түсушінің және кітапшасының нұсқасы боялады;

  • 5 сектор шығармашылық емтихан түсушілерге арналған;

  • 6-секторда тестіленуші КТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі толтырылады. Лек нөмірі емтихан күнімен анықталады;

  • 7-секторда жалпы бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

  • 8-секторда бейіндік пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;.

  • 9 секторда (жауап парағының нөмірі көрсетілген) боялмайды;

  • 10 секторда «Түсушінің қолы».


3.Кітапшаның мұқабасын толтыру ТжКБ КТ



  • Сұрақ кітапшасының мұқабасында бітіруші келесі мәліметтерді толтырады:

  • Т.А.Ә.;

  • ТЖК;

  • Жауап парағының №

  • Лек;

  • Аудитория және отырғызу орнының нөмірі;

  • Жалпы бейіндік пән мен Бейіндік пән атаулары.

  • Кітапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейін тестіленуші қолын қояды.

  • Кітапшасымен жұмысты бастамас бұрын тестіленуші кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаудың болмауын тексереді. Егер ақау болған жағдайда уәкілетті тұлғаға хабарлау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет