Единый государственный экзамен



жүктеу 81.89 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі81.89 Kb.

  • ҰБТ кезінде мектеп бітіруші:




  • Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеу керек;

  • Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;

  • Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз (орныңыздан айқайлап сұрамаңыз). Сұрақтарыңыз тапсырма мазмұнына байланысты болмауы керек, сіздің емтихан материалдарымен жұмысқа байланысты сұрақтарыңызға ғана жауап беріледі;

  • Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;

  • Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;

  • Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;

  • Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеріп шығу үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.

    • Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.

Сізге Ұлттық бірыңғай тестілеуде

сәттілік тілейміз!

Ұлттық тестілеу орталығы



2009


МЕКТЕП БІТІРУШІНІҢ ЖАДЫНАМАСЫ
2009 жылғы

Ұлттық бірыңғай тестілеу

1. Өтініш беру уақыты

  • ҰБТ-ға қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 2009 жылдың 1 наурызынан 25 сәуіріне дейін өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде бере алады.

  • Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат.

  • Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:

  • мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.


2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

  • ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.

  • ҰБТ бойынша мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

  • Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.

  • ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес1.

  • Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.

  • ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.


3. Емтихан мерзімі

  • Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

4. Емтихан уақыты

  • ҰБТ-ның басталу уақыты сағат 09.00.

  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт3,5 астрономиялық сағат.

  • Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады.

5. Апелляция

  • Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтініш беру тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір тәулік мерзімінде қарайды.

  • Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасын әкелуі керек.


6.Аттестатқа бағалар қою

  • Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі

р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз.)

3

(қанағатта-лық.)

4

(жақ

сы)

5

(үздік)

1

Қазақ тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

2

Орыс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

3

Қазақстан тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

4

Математика

0-2

3-11

12-19

20-25

5

Физика

0-2

3-11

12-19

20-25

6

Химия

0-2

3-11

12-19

20-25

7

Биология

0-2

3-13

14-20

21-25

8

География

0-2

3-13

14-20

21-25

9

Дүниежүзі тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

10

Қазақ әдебиеті


0-2

3-13

14-20

21-25

11

Орыс әдебиеті

0-2

3-13

14-20

21-25

12

Ағылшын тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

13

Неміс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

14

Француз тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

15

Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі

0-2

3-11

12-17

18-25

16

Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі

0-2

3-11

12-17

18-25

7. Сертификаттың қолданыс мерзімі

  • ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:

          • ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат.

  • Сертификаттың қолданыс мерзімі - 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

8.Білім беру гранты

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.

  • Конкурсқа қатысу үшін 45 балдан төмен жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған пәндерден 3 балдан төмен болмауы керек.

  • Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.

  • Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.

  • Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.

  • Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Назар аударыңыз!!!

Бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне рұқсаттамада көрсетілген күні дәл уақытында өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:

  • ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:

  • сөйлесуге;

  • орнынан тұруға;

  • орын ауыстыруға;

  • кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;

  • ұялы байланыс телефондарын немесе басқа да ұтқыр байланыс құралдарын, фото және видеоаппараттарын, портативті жеке компьютерлерін (ноутбуктар және жеке қалта компьютерлерін, т.б.)2 қолдануға.

  • анықтамалық материалдарды қолдануға;

  • ҰБТӨП-те жүруге.

  • Тестілеу кезінде жол бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында, тестілеуге кіргізу кезінде барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді.

  • Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда мемлекеттік комиссия шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

1 ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

2 Аудиториямен қоса, барлық ҰБТӨП-терде тестілеу уақыты кезінде көрсетілген материалдарды және құралдарды пайдалануға тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет