Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында ішімдік ішіп, масленица мейрамын тойлаған жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде медицина қызметкерлерінің жедел жәрдем станциясының ішінде дастарқан жайып, мейрам тойлап отырған видеосы тарады. Видеодан белгісіз біреудің станцияға жедел жәрдем қызметкерлерін іздеп келгенін байқауға болады. Ер адам бір кабинетте тойлатып отырған дәрігерлердің үстінен түседі. Бөлмеге кіргенде дастарқан басында отырған 6 дәрігер үстелде тұрған ішімдікті жасырады. Шемонаиха аудандық ауруханасының мәліметінше, бұл оқиға 17 наурызда болған.

Бұған дейін шымкенттік 55 жастағы келіншек 12 айлық жүктілігіне дәрігерлердің сенбейтінін айтып көмек сұраған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.