Астана халықаралық әуежайдың басшылығы ішкі және халықаралық рейстер терминалындағы жұмыс 10:48-де жанданып, жолаушылар тіркеуден өте бастағанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Компания баспасөз қызметі елорда әуежайындағы жағдай тұрақталып келе жатқанын хабарлады. 

"Бұған дейін төтенше жағдай салдарынан Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді. DV702 Астана – Шымкент рейсі 12:23-те, IQ389 Астана – Жезқазған 12:26-да, IQ437 Астана – Петропавл 13:38-де және KC952 Астана – Алматы 12:46-да, КС7052 Астана – Алматы 13:36-да, KC205 Астана – Дубай 13:04-те ұшты", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында көлік министрлігі азаматтық авиация комитетінің басшылығы, авиациялық әкімшілігі қызметкерлері және Terminals Airport Astana Management LLP, әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті.

  • Алматы әуежайына дейін метро желісі іске қосылады

  • Алматы әуежайының ескі терминалы тек ішкі рейстер үшін пайдаланылады: Жөндеуге 10 млн доллар жұмсалмақ

Эвакуацияланған жолаушыларға сусын, жеңіл тағам ұсынылды.

"Жолаушылардың қауіпсіздігі әуежай басшылығының басты назарында. Сондықтан әуежайдағы қауіпсіздік шараларын қалыпқа келтіру және күшейту шараларын әрі қарай жалғастырады. Осындай сәтте әуежай қызметкерлеріне қолдау білдіріп, қиын жағдайда түсіністік танытқан жолаушыларымызға алғыс білдіреміз", – деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін Астана қаласында халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскенен жаздық. Министрлік сағат 08:24-те өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша №2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метрде электр кабельдері жанған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.