Әдістемелік нұСҚау хат



жүктеу 79.4 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі79.4 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде

«Дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың ерекшеліктері туралы



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Астана, 2015 жыл

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 17 сәуірдегі № 3 хаттама).

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру институтында дайындалды.



Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде «Дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат

Қазақстанның қазіргі саясаты рухани-адамгершілік құндылықтардың біртұтас жүйесі негізінде еліміздегі әртүрлі этностар мен діндер арасындағы сыйластық пен толеранттық, келісім мен достықты нығайтуға бағытталған.

Күннен күнге көріп отырғанымыздай, діни фактор әсері – қоғамды дамытудың ішкі процесінде нақты күшке айналуда. Осы жағдайда жас ұрпақты жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеу,,деструктивтік діни ағымдар мен қауіпті экстремистік топтардың ықпалынан қорғау маңызды болып отыр. Бұл еліміздегі дінаралық келісім және түсіністікті сақтау, мемлекеттілікті нығайту мен патриоттық сана-сезімді одан әрі дамыту үшін, дәстүрлі діндер мен халқымыздың ойшылдарының рухани және тарихи-мәдени мұраларына жас ұрпақты тартудың өзектілігін арттыра түседі.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан халқының 75% мұсылмандар, 22% - православтар, 3% - басқа діннің өкілдері болып табылады.

«Дінтану» негіздері» курсының мәні мен мағнасы оның қазіргі қоғамның орнықты дамуының және адамдардың тарихи, мәдени, рухани құндылықтарды дұрыс айқындаудың құрамдас элементі есебінде қабылдануында жатыр.

ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен жалпы білім беру мектептеріндегі 9-сыныпқа арналған «Дінтану негіздері» курсы оқу бағдарламасы қайта бекітілді. Курсты оқытудың жылдық жүктемесі вариативтік курс есебінен 34 сағатты құрайды.

«Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

«Дінтану негіздері» факультативтік курсының мақсаты – оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде білім жүйесін және гуманистік дүниетаным қалыптастыруға ықпал ету.

«Дінтану негіздері» факультативтік курсының міндеттері:


  1. білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы жүйелі білім беру;

  2. оқушыларға діннің танымдық, мәдени және дүниетанымдық мәнін ұғындыру;

  3. толеранттылыққа тәрбелеу;

  4. діни әдебиеттерді, ақпарат көздерінің материалдарын сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу;

  5. Қазақстандағы ұлтаралық, конфессияаралық келісім саясаты негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;

  6. экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерінің адам үшін, қоғам және мемлекет үшін қауіптілігін ұғындыру және оларды қабылдамауға тәрбиелеу;

  7. құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу;



«Дінтану негіздері» курсының мазмұны

«Дінтану негіздері» курсы бағдарламасының басты міндеті діндер жайлы жалпы мағлұматтар бере отырып, дін туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Оқу материалы 9-сынып оқушысының оқу-танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген жүйеленген ғылыми әдебиеттерден жинақталған.

«Дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер» сияқты пәндеірмен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.

«Дінтану негіздері» курсы төмендегідей ұстанымдар мен ержелерді жүзеге асыруға бағытталған:

Толеранттық,ақиқат, әділдік және мейірімділік сияқты құндылықтарды жүзеге асыру барлық әлемдік діндердің және халықтар арасындағы бейбіт қатар өмір сүрудің негізі болып табылады;

- экстремизм, терроризм и қиянат жасаудың басқа формаларының діннің шынайы мәніне ешбір қатысы жоқ, олар адамзат үшін қауіпті сондықтан оларға адамдар тойтарыс берілуі тиіс;

- білім мен толеранттыққа негізделген әлеуметтік қарым-қатынас рухани құндылықтарды таратудың, олардың өзара қарым-қатынасын дамытудың, мәдениеттер диалогын құрудың сол арқылы бейбітшілікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады;

-діни сенімдердің әртүрлілігі өзара сенімсіздік пен дискриминация, кемсіту тудырмауы тиісті, керісінше әр діннің артықшылықтарын көрсететіндей өзара түсінушілік үйлесімділікке алып келуі тиіс.

Дінтану негіздері сабақтарында қарастырылған шығармашылық жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу жұмыстары барысында діндер мазмұнындағы рухани құндылықтар мен Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.

Оқушыларда өз халқының рухани құндылықтары туралы білім қалыптасады және оларда гуманистік дүниетаным мен жалпыадамзаттық құндылықтарға кереғар ағымдар , У учащихся должны сформироваться духовные ценности своего народа, но они должны иметь представление и о течениях, которые противоречат гуманистическому мировозрению, общечеловеческим ценностям и толерантности.

Осылайша жүйелі игерілген білім жас ұрпақты ұлттардың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлау мен құрмет тұту, ұлттық келісім мен ынтымақтастық рухында төзімділікке тәрбиелеуді мақсат етіп, адамгершілік-рухани байытуды көздейді.

Оқушылар бойында ұлттық құндылықтар қалыптасуы керек. Бірақ оларда толеранттылық пен жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманистік дүниетаным қағидаларына қайшы келмейтін түсініктері болуы қажет.

«Дінтану негіздері» курсы бағдарламасының мазмұны келесідей дидактикалық қағидалар талаптарына сәйкес болуы керек:


  • ғылыми негізділік және қол жетімділік;

  • табиғи үйлесімділік;

  • сабақтастық пен бірізділік;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыс;

  • саралау және дараландыру;

  • тапсырмалардың түрлі деңгейліг және т.б.



Оқу үдерісін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық
«Дінтану негіздері» курсының оқу үдерістерін ұйымдастыру барысында пікір талас, дөңгелек үстел, шағын жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау және т.б. формаларын қолданудың маңызды зор.

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:



  • дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет мақалаларына талдау жасау таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша және жазбаша хабарлама дайындау;

  • діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;

  • дәстүрлі діндердің біртұтас платформалары мен жалпы тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;

  • елімізде және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;

  • толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;

Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:

  • мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;

  • пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар бермеу;

  • жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты заңдарды сақтау;

«Дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін бекіту мақсатында ерекше маңызды болып табылатыны, оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша шығармашылық-жобалық жұмыстар болып табылады.

Осыған сәйкес бағдарламада көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға уақыт бөлінген. Жобаларды орындау барысында оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыру және әртүрлі бағыттарда оларға танымдық ізденістерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Төмендегі келтірілген оқу пәндерін оқыту барысында пәнаралық байланысты қолдану арқылы «Дінтану негіздері» курсы сабақтарында біртұтас ұғынуларын қалыптастыруға қол жеткізіледі:

«Қазақ тілі», «Орыс тілі» :

– дін және зайырлылық саласына қатысты терминдермен сөздік қорын байыту;

– басқа халықтардың рухани-мәдени және ұлттық мәдениеттері бастауларына ашықтық және құрметпен қарауға тәрбиелеу;

«Әдебиет»:

– діни қайраткерлердің қосымша көркем әдеби туындыларымен танысу, олардың еңбектерін заманауи рухани құндылықтар тұрғысында бағалау;



«Тарих»

– дін мен зайырлылықтың дамуы және таралуы, пайда болу үдерістерінің тарихи негіздемелері;

– қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы қоғам мен адам өміріндегі дін рөлін ұғыну;

«География»:

– діннің тарихи – географиялық таралуы кеңістіктерін дұрыс анықтау;


Оқушылардың дайындықтарына қойылатын талаптар:
«Дінтану негіздері» курсын оқыту нәтижесінде оқушылар:

Біледі:

  • ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;

  • әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын;

  • мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін;

  • Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын;

  • Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау жөніндегі саясатын;

  • дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірибесін экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардан айыра білуі, қауіптілігін.



Жасайды.

  • ақпаратты сыни тұрғыда талдау, оны оқу барысында және әртүрлі қоғамдық құбылыстарды түсінуде қолдана білу;

  • экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ағымдар мен ұйымдарды ажыратып,оларға қарсы тұра білу;

  • діни , рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау, пікір таластыра білу;

  • ғылыми, оқу әдебиеттерімен, электрондық дереккөздермен тиімді жұмыс істеу;

  • ізденіс шығармашылық жобаларын әзірлеп,оларды қорғай білу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет