Дзюдодан Ташкенттегі Grand Slam турнирінде Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова бастаған Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ертең дзюдодан Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Әлемнің 68 елінен, 495 балуан сынға түсетін жарыста Қазақстан құрамасының да құрамы анықталды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз. 

Ерлер: 

60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали

73 келі. Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев 

90 келі. Айдар Арапов, Құдірет Досымов

100 келі. Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев

+100 келі. Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев  

Әйелдер:

48 келі. Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева

52 келі. Толғанай Әбеуова, Балнұр Әбдешова

57 келі. Балнұр Құсақбаева

63 келі. Эсмигүл Кюлова, Кристина Сотникова  

70 келі. Екатерина Токарева

78 келі. Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко

+78 келі. Кәмила Берліқаш, Назгүл Маратова

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Бакуде өткен “Үлкен дулыға” турниріне қатысып, жалғыз Әбиба Абужақынова жүлдегер атанған еді. 

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.