Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ақылы бөлімінің студенттеріне 2 млн теңге сыйақы төлесеңдер, бюджеттік бөлімге ауыстырып беремін деп уәде еткен күдікті құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

"Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Бұған дейін Оралда студенттерден ақша бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.