Әдістемелік нұсқаулық



жүктеу 108.03 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі108.03 Kb.

Әдістемелік нұсқаулық

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Экономикалық теория кафедрасы

«Аймақтық экономика және басқару» пәні бойынша

050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне

бақылау жұмысын орындауға арналған



әдістемелік нұсқаулық

Павлодар

Әдістемелік нұсқаулықты


бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

___________Эрназаров Т.Я.

«___»___________200__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы_________________ Еркебаева Г.А


Экономикалық теория кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулық

бақылау жұмысын орындауға арналған


«Аймақтық экономика және басқару» пәні бойынша
050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылған

200__ж. «_____»______________, №__хаттама


Кафедра меңгерушісі____________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)
Қаржы-экономикалық факультетінің ӘК құпталған

(факультет атауы)

200__ж. «____»______________, №____хаттама




ӘК төрағасы_________________ Сидорова Л.А.


(қолы)


1 Кіріспе
Бақылау жұмысы студенттердің «Аймақтық экономика және басқару» пәнін зерделеу кезеңінде орындайтын ғылыми зерттеулерінің көлемі мен мазмұнын қорытынды түрінде көрсететін дербес орындалатын талдама және студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесіндегі маңызды саты болып табылады. Бақылау жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің білімін тереңдету.

Бақылау жұмысты орындау студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан тақырыпты бекітіп алғаннан кейін оған қатысты әдебиеттерді зерделеп, олардың тізімін жасап бұл тақырыпқа байланысты концепцияларды, көзқарастарды жан-жақты қарастыру қажет.

Бақылау жұмысты орындаудың негізігі міндеттері:


  • студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;

  • әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;

  • студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:

Бақылау жұмысты орындаудың алдында ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен мұқият танысып жұмысқа қойылатын талаптарды нақты білу керек.
1 Тапсырманың вариантын таңдап алу
Әрбір студент бақылау жұмыстың тақырыбын сынақ кітапшасының номерінің соңғы цифры бойынша және өз аттарының бірінші әріпі бойынша таңдап алады (1 кесте)
Кесте 1- Бақылау жұмыс тақырыптарының варианттары

Фамилияняң бірінші әрпі

Сынақ кітапшасінің ақырғы номері

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А-З

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

И-Р

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

С-Я

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30


2 Аймақтық экономика және басқару пәні бойынша бақылау жұмысты орындауға және рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Курстық жұмысының тақырыбы сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша студенттердің өздері таңдап алады.Ескертетін жағдай, бір топтағы студенттер арасында тақырып қайталанбауы тиіс.

Егер де таңдап алынған тақырып бірыңғай болса, онда басымдыққа ғылыми жетекшісімен тақырыбын бірінші болып бекіткен студент ие болады немесе бұл мәселе студенттердің өзара келісімі бойынша шешілуі мүмкін.

Тақырыпты саналы да мақсатты түрде таңдайды. Ол үшін тақырыптың теориялық мән-мазмұнын, негізгі сұрақтарын және мақсаттық проблемаларын қолдағы бар әдебиет оқулықтардан алдын-ала оқып біліп алған дұрыс болады.

Бақылау жұмысқа қойылатын негізгі талаптар:



  • теоретикалық ережелердің ағымдағы нақты экономикалық үдерістермен байланысы;

  • жұмыста қолданылған нақты материалдарды талдай және қорытындылай білу;

  • жұмыс жоспарын жасау (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды);

  • жұмыстың ғылыми аппаратын дұрыс рәсімдеу (сілтеме, түсіндірме, қолданылған әдебиеттердің тізімі);

  • жұмыс мәтінін жоспарға сәйкес баяндау;

  • бақылау жұмыстың көлемі стандартты қағаздың (А-4) бір жақ бетінде компьютерде 1 интервалдық тәртіппен терілген 10-15 беттік мәтінін құрайды.

Бақылау жұмысты орындай үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

  • тақырыпты таңдау

  • ғылыми әдебиеттерді зерделеу және библиографияны құрастыру;

  • зерттеудің жұмыс бағдарламасын әзірлеу және теоретикалық, статистикалық ақпараттарды жинау;

  • жиналған материалдарды қорытындылау және жұмыстың жеке тарауларын жазу;

  • жетекшінің ескертулерін есепке алу негізінде мәтінді соңғы өңдеу;

  • бақылау жұмысты рәсімдеу және оны қорғауға даярлау;

  • бақылау жұмысты қорғау.

Бақылау жұмыстың мәтіндік бөлімі титулдық беттен, мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Жалпы кез-келген тақырыптық бақылау жұмысты негізінен үш бағытта анықтап жазған ұтымды. Біріншіден, бақылау жұмыстың тақырыбын категориялық – анықтамалық түрде талдап жазады. Екіншіден, бақылау жұмыста қаралатын тақырыптың негізгі мәселесі жүйелі түрде, белгілі бір экономикалық модель (концепция), шаруашылық механизм ретінде суреттеледі. Үшіншіден, осылай категориялық және теориялық деңгейде толық анықталған проблеманы, Қазақстанның нақты экономикалық-әлеуметтік жағдайларымен байланыстыра отырып, оның тәжірибелік-практикалық бағытын ашып беру-бақылау жұмыстың түпкі мақсаты болады.

Осылай анықталған бақылау жұмыстың ішкі мазмұндық логикасы мен құрылымына сәйкес оның (бақылау жұмыстың) мазмұны жасалады.

Мазмұны- бұл студенттің бақылау жұмысы бойынша жол нұсқағыш. Жұмыстың мазмұны алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан-жақты баяндап талдауға жол ашатын түрде анықталып қойылған сұрақ-мәселелерден құралады. Ол кіріспенің алдында болады.

Бірінші сұрақ тақырыптың мәнін ашатын категориялар мен принциптерге арналып қойылады. Екінші сұрақ тақырыптың экономикалық мазмұнын суреттейтін механизм- модель ретінде Қазақстанның шаруашылық жағдайларымен байланыстыра баяндап беруге арналғаны дұрыс болады.

Сонымен бақылау жұмыстың тақырыбы: 1) категориялық, 2) теориялық, 3) тәжірибелік деңгейде анықталады. Осы айтылған үш бағыт бақылау жұмыстың негізгі мазмұндық бөлімі болады. Бұдан басқа, жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері де беріледі.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі. Кіріспе 3-ші беттен басталады. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады.

Сондай-ақ, жұмыстың соңында жоспарда қойылған және негізгі бөлімде баяндалып жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалып, қорытынды ретінде 1-2 бетке ықшамдалып беріледі. Соңында қолданылған әдебиеттер тізім және қосымша материалдар тіркеледі.

Бақылау жұмысқа қойылатын тағы да бір талап- ол жұмысты белгіленген тәртіпке сай дұрыс безендірілуі.

Әдетте 2-3 тараудан тұратын негізгі бөлімде ғылыми дәлелдерге негізделген теоретикалық ережелерді, бақылау жұмыста ресми құжаттарды, Қазақстан материалдарын қолдану қажет және қаралған сұрақтарды әртүрлі схемалар, кесте таблицалар, график-схемаларды қолданып баяндау.

Толық орындалып біткен жұмыс жетекшіге тапсырылады. Жетекші жұмысқа өз пікірін білдіреді. Онды бағаланған бақылау жұмыс қорғауға жіберіледі.

Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта өңделіп жазылады.

Бақылау жұмысты қорғаудың күні мен уақыты оқу жоспарымен белгіленеді.

Жазып орындаған жұмысын студент ауызша ашық түрде, жетекші мен басқа студенттердің алдында, комиссия мүшелерінің қатысуымен қорғайды.

Автор 5-7 минут уақыт мерзімінде бақылау жұмыста қаралған мәселелердің мазмұнын толық баяндап беруі керек.

Студент бақылаудың қорытынды түрі емтиханға бақылау жұмысын қорғағаннан кейін ғана жіберіледі.



Бақылау жұмыстар тақырыптарының тізбесі
1 Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары. Аймақтық экономика және басқару пәні, негізгі міндеттері және әдістері.

2 Аймақтық экономика және басқарудың зерттеу әдістері

3 Аймақтық экономика және басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

4 Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

5 Аймақтарды типтерге бөлу қажеттігі. Типтерге бөлудің негізгі критерилері. Экономикалық аудандастыру.

6 Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері

7 Аймақтық экономика теорияларының дамуының қазіргі бағыттары

8 Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде

9 Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әлеуметтік -экономикалық дамуындағы аймақтық деспропорцияларының сипаты.

10 Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау

11 Аймақтық меншіктің қызмет ету проблемалары.

12 Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде

13 ҚР аймақтары экономикасының тарихи - географиялық сипаттамасы

14 Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі және мәні

15 Аймақтық менеджмент және оның формалары. Аймақтық менеджментке әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары.

16 Аймақтық бағдарламалар. Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі.

17 Аймақтық саясаттың құралы ретінде арнайы экономикалық аймақтар

18 АЭА қызмет етуінің әлемдік тәжірибесі.

19 Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалык механизмдер

20 Бюджеттік жүйе және бюджет аралық қатынастар аймактық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды мәселелері ретінде.

21 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі

22 Әлемнің әртүрлі елдері бойынша аймақтық экономикалық саясаттың салыстырмалы анализі.

23 Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеуші институттар

24 Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар мен аймақтық даму бағдарламалары.

25 ҚР-ң шаруашылық практикасында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі.

26 Дамудық аймақтық бағдарламасы (Павлодар облысы мысалында)

27 Қытайдағы АЭА.

28 ҚР-ғы бюджет аралық қатынас: орталық-аймақ

29 Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны.

30 Аймақтық экономика дамуының жоспарлануы мен болжануы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 Гранберг А.Т. Основы региональной экономики - М., 2001.

2 Региональная экономика. Под ред. Кузнецов Н.Г., Тяглов С.Г. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.

3 Региональная политика Республики Казахстан: экономический механизм реализации. - Алматы: Ғылым, 1997.

4. Храпунов В.В. Региональные аспекты экономической реформы в
Казахстане. – Алматы:Білім, 1999.

5 Актуальные вопросы современного социально-экономического развития. Казахстан . - Алматы, 2004.

6 Региональная экономика и управление. Под ред. Е.Г. Коваленко. - М СПб., издательство "Питер", 2005.

Қосымша:

7 Кузнецова О. Теоритечические. основы государственного регулирования экономического развития регионов // Вопросы экономики, 2002, № 4, с. 46- 66.

8 Телеужанов Е. Ресурсный потенциал региона и приоритетные направления развития // Транзитная экономика - 2002, № 6.

9 Шокоманов Ю.К. Динамика экономического развития Казахстана и отдельных в региональном разряде за 10 лет независимости // Экономика и статистика - 2002. №2.



10 Нурланова Н.К. Региональная промышленная политика и индустриально-инновационное развитие/ материалы конференции «Теоретические и практические аспекты индустриально-инновационного развития РК». – Алматы, 2004, часть 1.

Ескерту: Бақылау жұмысты орындау кезінде қосымша әдебиеттерді қолдануға шектеу қойылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет