Жамбыл облысында қаңғыған иттер 20 жастағы ерекше қажеттілігі бар қыз бен оқушыны талап тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Айша бибі ауылы маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы ерекше қажеттілігі бар қызды иттер талап жатқанын көріп, көмекке барған. Қыз бір топ иттен жанұшыра қашқан.

Кейін кешкі уақытта қала маңындағы Барысхан алқабында қаңғыған иттер мектеп оқушысына да шабуыл жасаған. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Облыстық ветеринария басқармасы осыған байланысты иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзі жойылғанын хабарлады. Биыл жедел желіге мамандардан көмек сұраған мыңға жуық қоңырау түскен. Облыста биыл екі жарым мыңнан астам иесіз ит ауланған. 

  • Теміртауда үйсіз иттерді балалардың көзінше атқан: Шок алған баланың анасы арыз жазды

  • "Иелері жоқ": Министрлік Ақмола облысындағы жылқылардың жаппай қырылуына не себеп болғанын айтты

“Қаңғыбас ит қана емес, жер үйдегілердің де иті шабуылдайды. Иесі бар иттер көбіне байланбайды. Қалай болса солай жүрген иттердің саны көбейген. Салыстырмалы түрде алсақ, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбін иесі бар ит талаған”, – деді Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.